Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы биыл демалыс күндеріне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері қатарынан бес күн демалады.
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз — жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз демалыс күндері болады.
Айта кетейік, наурызда қазақстандықтар жалпы 14 күн демалады.