• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Нұржігітовке жіберілген сұрау хатқа 1 айдан кейін ғана жауап келді

Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні Орталық коммуникациялар қызметінде “Жамбыл облысының əлеуметтік-экономикалық дамуы туралы” брифинг өткен болатын. Нұржан Нұржігітовке сауал қоюға уақыт жетпей қалды.

25.06.2023
0
Жамбыл облысындағы барлық елді мекендер Жол картасына сәйкес 4G интернетпен қамтылады
963
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

22  маусым күні Жамбыл облысы әкімінің атынан жауап хат келіп түсті. Осыған орай, қойылған сауал мен әкімнің жауабымен таныс болсаңыздар:

  •  Тараз қаласы мен аудан əкімдерінің, басқармалардың үздіктері мен аутсайдерлерін көрсетіп берсеңіз?

Басшылық қызметте отырған азаматтар мен азаматшалардың жұмысына қанағаттанарлық баға беремін. Әрине, үздіксіз жұмыс жүрген жерде қателіктер де болатыны заңдылық. Алайда жүктелген тапсырманы уақытылы әрі сапалы орындайды. Ешқайсысын бөліп жара алмаймын.

  • Туризм саласының дамуына ең қажеттісі — жол. “Алмалы ресорт” пен “Көксай” демалыс орындарына асфальт жол қашан салынады?

Қазіргі кезде Жуалы ауданы әкімдігімен «Koksai Resort» демалыс аумағына алып баратын 18 км автожолын аудан әкімдігі меншігіне алу жұмыстары жүргізіліп, мемелекеттік жер актісі әзірленуде (жергілікті бюджеттен қаражат қарастырып, автожол құрылысын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245 «Автомобиль жолдары туралы» Заңына сәйкес жүргізілетін процедуралар). Автожол мемлекет меншігіне алынғаннан кейін, жолдың жобалық сметалық  құжаттамасы әзірленеді. 18 км автожолдың құрылысын жүргізу қомақты қаражатты қажет ететіні белгілі. Сондықтан, аталған жолды (қаражат көзінің көлеміне байланысты) 2-3 жылға бөліп салу жоспарланып отыр.

Жамбыл ауданы аумағында орналасқан «Алмалы  resort» демалыс орнына баратын 12 км жолдың 5,5 км Байзақ ауданында, 6,5 км Жамбыл ауданының аумағында орналасқан. Қазіргі кезде 12 км жолды Жамбыл ауданы әкімдігінің меншігіне алу жұмыстары жүргізілуде. Жол, заң талаптарына сәйкес, мемлекет меншігіне алынғаннан кейін, оның жобалық сметалық құжаттамасы әзірленеді. Жобалық сметалық  құжаттамада анықталған қаражат көлеміне байланысты, автожол құрылысын жүргізу мақсатында жергілікті бюджеттен қаражат қарастыру жоспарланып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

  • Облыс басқарғаныңызға бір жылдан асты. Бір жыл ішінде Сіздің қарамағыңыздағы үш əкім орынбасары, 7 əкім, 17 басқарма басшысы ауысты. Осылардың ішінде қойылған мақсаттарды жақсы орындап жатқан басшыларды атап өтсеңіз.

Барлық деңгейдегі басшылар барынша  меритократия қағидаты бойынша тағайындалды. Жалпы басшылық құрамға қойылатын талап жоғары. Мен әрдайым сапалы әрі уақытылы жұмысты талап етемін. Қазіргі таңда берілген тапсырманы орындамай жатқан басшылар жоқ.

  • Сіз баяндамаңызда Тараз қаласының бес аумағына таза ауыз кіргізіледі дедіңіз. Оларды атап өтсеңіз жəне “Қайнар” алқабына нақты таза ауыз қашан жетеді?

Тараз қаласындағы  Көлтоған, Казарма, Шөлдала, Құмшағал, 28 саяжай, Шалғай Қарасу 1-7, Родничок, Мичуринец, Қайнар, Ақжол алқаптары орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмаған. Қазіргі таңда 5 тұрғын алқаптың (Көлтоған, Казарма, Шөлдала, Құмшағал, 28 саяжай)  құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына 4 тұрғын алқаптың (Көлтоған, Казарма, Шөлдала, Құмшағал) құрылыс жұмыстарын аяқтап пайдалануға беру жоспарланса, 1 тұрғын алқаптың құрылысы (28 саяжай) қаржыландыру жоспарына сәйкес 2024 жылы аяқталады. Бұдан бөлек, Тараз қаласында 5 тұрғын алқаптың (Шалғай Қарасу 1-7, Родничок, Мичуринец, Қайнар, Ақжол) жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке ұсынылды. Аталған жобалар республикалық бюджет комиссиясы тарапынан қолдау тапқан жағдайда, 2024 жылы мемлекеттік сатып алу рәсімдерінен кейін құрылыс жұмыстары басталатын болады.

  • “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидасы бойынша апта сайын аудандарды аралап жүрсіз. Бірақ оның анонстары шағарылмайды. Тəуелсіз БАҚ-қа хабарланбайды. Анонстар бола ма? Кестесі əлеуметтік желілерге салына ма?

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, облыс әкімі ретінде 2022 жылы 34, ал 2023 жылы 35 елді мекенде кездесу өткіздім. Мұндағы мақсат – халықтың мұң-мұқтажын назарға алу. Кездесулердің барлығы алдын-ала жергілікті ресми БАҚ-та (Ақ жол, Знамя труда) жарияланады.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізді, онда негізгі капиталға инвестициялар (НКИ) және тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) тарту барысы қаралған болатын. Ұлытау және Жамбыл облыстары өткен жылы да жоспарды орындамаған. Аталған облыстардың әкімдері бұған дейін Инвестициялық штаб отырысында жағдайды биыл түзейміз деп уәде берген болатын. Бірақ, көріп отырғанымыздай, бұл өңірлер барлық облыстың ішінде ең соңғы орындарда қалып отыр деген болатын Үкімет басшысы.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

11.05.2025
Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

11.05.2025
Жас палуанның жарқын жеңісі!

Жас палуанның жарқын жеңісі!

11.05.2025
Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

11.05.2025
Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

11.05.2025
«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

10.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты