• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Нұржан Нұржігітов мойынқұмдықтардың мәселелерін тыңдады

09.09.2022
0
Нұржан Нұржігітов мойынқұмдықтардың мәселелерін тыңдады
261
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Мойынқұм ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдаулар өткізді.

Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

Аймақ басшысы алдымен Мойынқұм ауылдық Мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесті.

Айта кетейік, бүгінге дейін облыс бойынша түрлі деңгейдегі әкімдер халықпен 713 кездесу өткізген десек, оның 21-і облыс әкімінің қатысуымен ұйымдастырылған.

Мойынқұмдықтар кездесуде денсаулық сақтау саласына қатысты, ауданға көгілдір отын тарту, таза ауыз су, жастар арасындағы жұмыссыздық және тағы басқа өзекті мәселелерді көтерді.

Аймақ басшысы барлық сұрақтарға жауап беріп, мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

— Біз облыстың даму жоспары сәйкес  2025 жылға дейін халық саны 200-ден асатын барлық елді мекендерді газбен, таза ауыз сумен қамтуды жоспарлап отырмыз. Шу ауданында салынып жатқан АГТС негізінен Мойынқұм ауданындағы ауылдарды көгілдір отынмен қамтуға бағытталған. 13 елді мекен бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Алдағы уақытта, АГТС және құбыр тарту жұмыстарын қатар жүргізуге басымдық беріледі. Жастарды жұмыспен қамту — басты назарда. Бұл тұрғыдағы мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар мен жобалар аз емес. Жергілікті әкімдік жастардың сол жеңілдіктерге қол жеткізіп, қайтарымсыз грат, тиімді несие алып, өз кәсібін бастауға қол ұшын созу керек. Ұйымдастыру жұмыстарын нәтижелі үйлестіре білуі тиіс, — деді Нұржан Нұржігітов.

Облыс әкімі жергілікті билік пен тұрғындар арасындағы ортақ түсініктің болуы аса маңызды екенін айрықша атап өтті.

— Біз еліміздің өркендеуін қаласақ, халық билікке сенім артып, заңдылық пен тәртіпті сақтауға тиіспіз. Халық пен билік өзара түсінісіп, екі жақты жауапкершілікті сезінгенде ғана мәселерді шешуде нәтижеге қол жеткізе аламыз,-деді Нұржан Нұржігітов.

Дәл осындай кездесу Бірлік ауылдық округінде өтті. Мұнда ауылдықтар негізінен мектепті күрделі жөндеуден өткізу, жол, суармалы су жүйелерін байлау, дәрігерлік амбулаторияны жаңғырту, газ тарту және тағы басқа мәселелерге назар аудартты.

Басқосулар қорытындысымен көтерілген мәселелерді шешу бойынша заң аясында жұмыстар жүргізу үшін Нұржан Нұржігітов жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Кездесулерден соң облыс әкімі жергілікті азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

18.06.2025
Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

18.06.2025
Республикалық бюджет тапшылығы 3,6 триллион теңгені құрады

Республикалық бюджет тапшылығы 3,6 триллион теңгені құрады

18.06.2025
Сарысу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

Ипотека мөлшерлемесін төмендету кейінге қалдырылды

18.06.2025
Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

18.06.2025
Бектенов моноқалаларды дамыту бойынша республикалық кеңес өткізді

Бектенов моноқалаларды дамыту бойынша республикалық кеңес өткізді

18.06.2025
Қайтарылған активтер қайда жұмсалуда

Қайтарылған активтер қайда жұмсалуда

18.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский