Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы фестивалі өтіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
«Бейбітшілік пен келісімге 25 жыл» ҚХА фестивалін ашу сөзінде Мемлекет басшысы қазақстандық үш ұлттық театрға академиялық статусын беру туралы мәлімдеді.
«Біз бірлік пен тұрақтылықтың ерекше рухын жасадық. Қазақстанда өмір сүру, оқу, жұмыс істеу, бала тәрбиелеу жайлы. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз. Бұл біздің Тәуелсіздігіміздің басты байлығы. Мемлекет әрдайым барлық этномәдени бірлестіктерді қолдап келеді, балалар үшін мектептерді қаржыландырады. Біздің газеттер мен журналдар 15 тілде, ал театрларымыз 7 тілде сөйлейді. Бұл Қазақстанда бар. Мұндай басқа елдерде жоқ. Бүгін мен үш театрға, корей, неміс және ұйғыр театрларына академиялық театр статусын беру туралы мәлімдеймін. Осы театрларды құттықтаймын», — деді Назарбаев.