• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

МЫРЗАХМЕТОВ ХОКИНГ ШӘКІРТІМЕН КЕЗДЕСТІ

02.02.2020
0
МЫРЗАХМЕТОВ ХОКИНГ ШӘКІРТІМЕН КЕЗДЕСТІ
950
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Асқар Мырзахметов жас ғалым Исаак Мустопуломен кездесті.
Өзінің жастығына қарамастан тараздық талантты жас Исаак Мустопуло ғарышқа ұшу үшін баламалы энергия көздерін алу жолын зерттеп, өзіндік теориясын жасап шыққан. Ғылым жолында ізденіп жүрген ол Лондонда әлемге әйгілі физик Стивен Хокингпен кездескен. Жас ғалым осы уақытқа дейін мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған STEM инновациялары ұлттық конкурсының лауреаты атанып үлгерген. Сондай-ақ өткен жылдың қараша айында Корея елінде өткен Ақпараттық технологиялар байқауында үздік деп танылып, жеңіске жеткен. Айта кетерлігі, аталған байқауға әлемнің 23 елінің өкілдері қатысқан болатын.
Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов дарынды жаспен арнайы кездесті. Асқар Исабекұлымен кездесуге 17 жасар ғалым өзінің анасы Майра Талғатқызымен бірге келді. Ерекше қабілетті жасөспіріммен әңгіме барысында көптеген сұрақтар талқыланып, ұсыныстары тыңдалды.
— Бүгінде біздің қоғамда мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша жағдай жасалуда. Әрине, бұл қуаңарлық жағдай. Шындығында, әлемдегі сан-сала қарқынды даму үстінде. Мұндай үдерістен Тараз қаласы да қалыс қалмай, оң өзгерістер болып жатыр, — деді И. Мустопуло.
Айта кетейік, бүгінде аймақта 166 балабақша мен 331 мектепте инклюзивті білім беруді дамытуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Ол білім ордаларында пандустар, тұтқалар, кең есіктер, демалыс бұрыштары, тактильді жолдар және дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін басқа да қолайлы жағдайлар жасалған. Бұдан өзге 46 орта және арнаулы оқу орындарының 20-ында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің еш кедергісіз білім алуы қамтамасыз етілген.
Өз кезегінде аймақ басшысы Исаактың шектеулі физикалық мүмкіндіктері арман жолында кедергі болмайтынын дәлелдейтін адамның жарқын үлгісі болып табылатынын атап өтті. Ал оның ғылымға қызығушылығы басқа да жас ғалымдардың ғылым саласында ары қарайда ізденіп, елдің дамуына ықпал ете алады. Шындығында, бүгінде біздің қоғамға табысты идеяларды қалыптастыра алатын креативті ойлаушы жастар қажет-ақ. Өз кезегінде Асқар Мырзахметов жақында ашылған Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығы ғылым жолындағы ізденетін жастар үшін үйірме немесе клуб ұйымдастыру туралы ұсынысын жеткізді. Онда жастар өз идеяларын мақсатты жүзеге асыра алатын, тек қана ғылымды ғана емес, сонымен қатар мәдениетті дамыту, жас ұрпақ арасында рухани құндылықтарды насихаттау мәселелері бойынша пікір алмасып, талқылауға зор мүмкіндік алмақ. Сондай-ақ аталған орталықта біздің облысты мекендейтін этностардың бай мәдени мұрасына талдау жасап, жүйелеу жолында мақсатты жұмыстар атқаратын болады. Тағы бір маңызды міндет – жастар арасында осы байлықты танымал ету жүйесін әзірлеу, барынша мүмкін болатын тәрбиелік әсерге қол жеткізу.
Исаак бұл бастаманы қуана қолдайтынын білдірді. Себебі, ол өз мектебінің қабырғасында осындай нәрсе ұйымдастыруға тырысып жүр екен. «Егер клубты облыс көлемінде ұйымдастыратын болса, онда жастар үшін кең перспективаларға жол ашылатын болады», — деген жас ғалым қуанышын жасыра алмады. Кездесу соңында облыс әкімі Исаак Мустопулоны Жамбыл облысының тарихы топтастырылған фотоальбом сыйлап, оған зор денсаулық және ірі ғылыми жетістіктер тіледі.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: МУСПОПУЛОМЫРЗАХМЕТОВХОКИНГ
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский