Жалпы, 327 млн теңге бөлінген спорт нысанының құрылысы 2022 жылы басталған болатын. Мердігер «Нұрбек» жауапкершілік шектеулі серіктестігі. Бүгінде спорт кешені құрылысының 90 пайызы аяқталған.
Қазіргі таңда, ауа тазартқыш құбырлары бар жылыту жүйесі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, еден төсеніштері төселіп, абаттандырылуда. Айта кетейік, спорт-кешені 1 маусымда пайдалануға беріледі.
Сондықтан комиссия мүшелері мердігер компания өкілдеріне құрылысты сапалы аяқтау туралы ұсыныстарын жеткізді.