Мойынқұм ауданында 15 маусым Әкелер күніне орай аудандық мәдениет үйінде орналасқан Коворкинг орталығында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, жастарға өнегелі тәрбие беру болды.
Іс-шараға ауданның төбе биіЖамбыл Қалыбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкінбаев, сондай-ақ ауыл жастары мен тұрғындары қатысты. Сонымен қатар, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жамбыловта шараға арнайы қатысып, жастарға өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу барысында жастар мен әкелер арасында ашық сұхбат ұйымдастырылып, әке рөлінің маңыздылығы мен отбасыдағы орны туралы пікірлер ортаға салынды. Ардагерлер мен қоғам белсенділері жастарға өнегелі әңгімелер айтып, өмірлік ақыл-кеңестерін жеткізді.
Шара соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, осындай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатыны атап өтілді.