Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар ауылының маңындағы әскери бөлімнің қару жарақ сақтайтын қоймасында өрт шығып, 17 адам қайтыс болып, бір әскери қызметкер іс-түзсіз жоғалып кетті.
Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес 26 тамызда болған өрт пен жарылыс оқиғасынан кейін 48 қызметкер әртүрлі жарақат алды. 10 адам қаза тапты. Сол 48 қызметкердің 8-і жұмысқа кірісті. Күрделі жарақат алғандарға 900 мың теңгеден берілді. Орташа жарақат алғандарға 600 мың теңгеден, жеңіл жарақат алғандарға 300 мың теңгеден берілді. Жалпы 92 400 000 теңге үлестіріліп берілді.Ал, департаментін екі қызметкері шетелге емделуге кетті. Оның ішінде көзінен ауыр жарақатын алған Алмаз Тұрсынов Түркия еліне кетіп, қазақстандықтардан 10 млн теңге жинады.
Алмаз Тұрсыновтың емделуіне Нұрболхан Шарап екі күнде 10 млннан аса қаражат жиналды.
Жамбыл облыстық бюджетіне “ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ” спецификасы бойынша 15 млрд қаралған. Оның ішінде, “Деңсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау” бойынша 5 млрд теңге, “Медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары” бойынша 4,6 млрд теңге қаралған. Ақпарат “АШЫҚ НҚА” дереккөзінен алынды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы филиалына жолдаған сауалда Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген шектегі тұрғындарға көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (әрі қарай-ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай — МӘМС) шеңберіндегі медициналық көмектің операторы болып есептеледі. Қор филиалымен жасалған шарттардың жалпы сомасы 103966,62 млн теңге, оның ішінде ТМККК шеңберінде 697 76,93 млн теңге, МӘМС жүйесінде 341 89,69 млн теңге. Биылғы жылдың 9 айлық қорытындысында халыққа медициналық көмек көрсету кезінде 39,2 мыңдай түрлі кемшілік анықталды, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 822860,7 мың теңгеден асты. 2021 жылдың 10 айында облыс бойынша 1406 Call-орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы медициналық ұйымдарға қатысты 390 шағымдар түскен. Шағымдар негізінен стационар мен емханаларда ұсынылған медициналық көмек көрсету сапасына, консультациялық-диагностикалық көмекті ұсынбау және оны ұзақ күту бойынша түскен.
Сонда жалақымыздан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 2% қаражат аударып тұрсақ та ем қабылдау үшін ел азаматтарына қаражат жинауды жалғасуда. Сонда жинақталған қаражат қайда кімнің қалтасына кетуде?
TURANINFO.KZ