• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Министр жаңа су кодексінде ұсынылған өзгерістер туралы айтты

Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген жаңа Су кодексінің жобасы Парламент Мәжілісіне енгізілді.

12.02.2024
0
Министр жаңа су кодексінде ұсынылған өзгерістер туралы айтты
152
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген жаңа Су кодексінің жобасы Парламент Мәжілісіне енгізілді. Бұл бірқатар ауқымды жаңашылдықтарды қамтитын және Қазақстанның су заңнамасын өзектендіруге мүмкіндік беретін іргелі құжат.

Жаңа Кодекстің мақсаты экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік беретін суды пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу және оны ұстану болып табылады. Қолданыстағы құжаттан айырмашылығы, осыған дейін су — экономикалық пайдаға қол жеткізу құралы ретінде ғана қарастырылған.

 

  1. Жаңа Су кодексінде суды үнемдеу аса маңызды рөл атқарады. Мысалы, су пайдаланушылар су ресурстарын ұтымды пайдалануға, суды үнемдеу технологиялары мен суды қайта пайдалану жүйелерін енгізу жөнінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ жерасты ауыз суларын мақсатсыз пайдалануға жол бермеуге міндетті. Ал суды қайта пайдалану жүйесі жоқ ұйымдар жаңа кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жылдан кешіктірмей мұндай жүйелерге көшу жоспарын ұсынуы тиіс. Бұл ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларына қатысты.

 

  1. Сондай-ақ, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізу деңгейіне байланысты су беру қызметтері үшін төмендетілген тариф және субсидия түрінде мемлекеттік қолдау көзделген.

 

  1. Су саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілік заңнамалық деңгейде күшейтіледі. Мысалы, министрліктің бассейндік инспекцияларына мемлекеттік бақылау функцияларымен қатар қадағалау функциялары да беріледі. Бұл су объектілерін қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мұқият бақылауға, оларды өз бетінше пайдалануға қарсы күресуге, гидротехникалық құрылыстарды пайдалану қағидаларының сақталуын қамтамасыз етуге және тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын бақылауға мүмкіндік береді.

 

  1. Ауыз судың сапасын жақсартуға қойылатын талаптар пайда болды. Ол эпидемиологиялық, радиациялық және химиялық қатынастарда қауіпсіз болуы керек. Су құрамына қойылатын талаптар, талдау жүргізу түрлері мен мерзімдері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

 

  1. Елдімекендерді сумен жабдықтауға және су бұруға арналған тарау едәуір кеңейді. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерін техникалық аудит тәртібін анықтайтын тармақ қосылды. Тағы бір жаңа тармақ — сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жоспарын әзірлеу ережелерін сипаттайды.

 

  1. Еліміздің су ресурстарын сарқылусыз, ластанусыз және су объектілерінің бітелуінсіз пайдалануға ерекше назар аударылады. Мысалы, Каспий теңізінде көмірсутектерді барлаудан немесе өндіруден, сондай-ақ, тұз және емдік балшық өндіруден басқа жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.

 

  1. Су объектілерін қорғауға қойылатын талаптар күшейтілді. Халықтың және экономика салаларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін су алудың рұқсат етілген көлемі туралы нормалар толығымен қайта өңделді. Лимиттер өзен, көл және теңіз экожүйесін сақтау үшін қажетті өзен ағындарын ескере отырып есептеледі. Сондай-ақ, су объектілерін қорғау бөліміне сулы-батпақты жерлер мен мұздықтарды қорғау туралы жеке ережелер енгізілді.

 

  1. Су объектілерінде немесе су қорғау аймақтарында жаңа құрылыстарды жобалау, салу және орналастыру, сондай-ақ учаскелерді су қорғау аймақтары мен белдеулеріне енгізілгенге дейін тұрғызылған құрылыстарды реконструкциялау жұмыстары Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік су инспекцияларымен келісілетін болады.

 

  1. Еліміздің су саласын климаттың өзгеруіне бейімдеуге жеке тармақ арналып отыр.

Ұсынылатын іс-шаралар қатарында бейімделу стратегиясын әзірлеу, жеке сектор мен азаматтық қоғамды қоса алғанда, барлық мүдделі тараптарды тарту, жаңа технологияларды қолдану, ауыл шаруашылығында суды тиімді пайдалану, өсімдіктерді суарудың үнемді әдістерін енгізу және құрғақшылыққа төзімді дақылдарды отырғызу, жаңа инфрақұрылым құру, оны жаңғырту және т.б. бар.

 

  1. Су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылауға көп көңіл бөлінеді. Мәселен, жаңа Су кодексінде коммерциялық емес ұйымдарға қоғамдық бақылауды жүргізу үшін министрліктен аккредитация алу ережесі жазылған. Ол үшін өтініш пен жарғының көшірмесін ұсыну жеткілікті, өтінім берілген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

 

  1. Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі мәселесіне жеке бөлім арналды. Кәсіпорындардың оларды пайдалану және олардың негізінде қауіпсіздік декларациясы ресімделетін көп факторлы тексеру жүргізу жауапкершілігі айқындалды. Гидротехникалық құрылыстардың техникалық қауіпсіздік регламентін әзірлеу көзделген, онда олардың түрлері мен конструкция ерекшеліктері, қауіпсіздік, жобалау, құрылыс, пайдалану, реконструкциялау және консервациялау жөніндегі талаптар жазылған.

 

  1. Сондай-ақ, ҚР Үкіметі жанындағы Су кеңесінің міндеттері көрсетілген. Мысалы, суды қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясат, трансшекаралық су объектілері мен құрылыстарын бірлесіп пайдалану бойынша көрші елдермен өзара іс-қимыл, ірі инвестициялық жобалар бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу. Министрлік өз жұмысында Су кеңесінің ұсынымдарын ескереді.

 

  1. Жыл сайын Ұлттық ақпараттық есеп жарияланады, онда өткен күнтізбелік жылдағы елдегі судың жай-күйі, қорғалуы және пайдаланылуы туралы мәлімет болады. Мысалы, өзендердегі су көлемі, гидротехникалық құрылыстардың саны мен жай-күйі, су ресурстарын қорғау бойынша іске асырылған іс-шаралар туралы деректер, инвестициялық жобаларды іске асыру туралы мәліметтер және т. б.

 

  1. Жаңа Су кодексінің жекелеген ережелері еліміздің су саласына инвестиция тартуды ынталандыруды және су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарды мемлекеттік қолдауды көздейді.

 

«Осы және басқа да ережелер біздің министрлікке өз міндеттерін жүзеге асыруға көмектесуі керек. Бұл суды үнемдеудің жалпыұлттық саясатын қалыптастыру және дамыту, су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелерін шешуге жұртшылықты тарту, ирригация жүйесін дамыту және басқа да маңызды мақсаттар. Жаңа Су кодексі еліміздің су ресурстарын тиімді пайдалану мен оны болашақ ұрпақ үшін сақтау арасындағы тепе-теңдікке деген ұмтылысын көрсетеді. Алдағы уақытта біз Мәжіліс, одан кейін ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен ұсынылып отырған іс-шараларды талқылайтын боламыз. Біз ашық және бірлескен талқылауға дайынбыз және депутаттардың ескертулерін, ұсыныстары мен идеяларын ескере отырып, міндетті түрде жұмыс жүргіземіз»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Тегтер: өзгерістерСу ресурстары
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты