Меркі ауданының прокуратурасы инвесторға ұн тарту зауытын іске қосуды қамтамасыз ететін, дәнді дақылдарды себу үшін жер учаскесін бөлу мәселесін шешті.
«МерАгро Холдинг» ЖШС-гі Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 12 мамырдағы №108 қаулысының негізінде қуаттылығы 3000 тонна ұн өндіру зауытын салу үшін инвестициялық жоба ретінде танылып, облыстың кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген.
Осы жобаны жүзеге асыру шеңберінде асыл тұқымды ірі қара мал өсіру де жоспарлануда. Бұл инвестицияларды тартуға және 40-тан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Ұн өндіру зауытының құрылысын 2024 жылдың соңында аяқтау жоспарланған.
Осыған орай, инвестор зауытты іске қосу үшін дәнді дақыл егуге жер учаскелері қажеттігін көрсетіп, Меркі ауданы әкімдігіне ауыл шаруашылық мақсаттағы жер сұрап, 2021 жылғы берілген өтінішіне жауап алмай жүргендігі туралы шағымданған.
Аудан прокуратурасымен талдау барысында жергілікті атқарушы органмен бүгінгі күнге дейін аталған өтініш қаралмай, тиісті жауап берілмегені анықталды.
Прокуратураның араласуынан кейін инвестордың талаптары қанағаттандырылып, 2024 жылғы 31 қазанда 200 га ауыл шаруашылық мақсаттағы жер рәсімделіп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Жамбыл облысының прокуратурасы