Патрульдік полиция қызметкерлері «Меркі-Шу-Бурылбайтал» тас жолының бойында күдік тудырған «DAF» маркалы автокөлігін тоқтатты.
Полиция қызметкерлері тексеру барысында көлікті басқарған 31 жастағы өзбекстандық азаматтың масаң күйде екенін байқады. Медициналық сараптама жүргізушінің «орташа дәрежеде» масаң күйде болғанын растады.
Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімі бойынша сот шешімімен 15 тәулікке бас бостандығынан және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырады. Жолдағы ережелерді бұзу, әсіресе, мас күйінде көлік басқару – ауыр құқық бұзушылық болып табылады және заң аясында қатаң жауапкершілікке әкеп соғады.
Жамбыл облысының полициясы