• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Меркі зауыттары жаңғырту мен инвестициялауды қажет етеді

27.01.2021
0
Меркі зауыттары жаңғырту мен инвестициялауды қажет етеді
363
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Меркі ауданына жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ірі өндірістік
кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесті.
«Меркі ірімшік зауыты» ЖШС пандемия мен карантиндік шараларға қарамастан, өткен жылы жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, өндіріс көлемін арттырды. Атап айтқанда, кәсіпорын былтыр 1975 тонна сүт өнімдерін өндірген десек, бұл 2019 жылмен салыстырғанда бес тоннаға артық.

— Өздеріңіз білетіндей, өңірімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы ақсап тұр. Сіздер облыс бойынша осы саладағы бірнеше компаниялардың бірісіздер. Бірақ дамып әрі жаңғырту қажет. Бұған дейін айтқанымдай, бірінші кезекте өнімнің өзіндік құнын сақтай отырып, ассортиментті кеңейту қажет. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та айтып өтті, — деді аймақ басшысы зауыт жұмысшыларының алдында сөйлеген сөзінде.

Өндіріс меңгерушісі Людмила Голенцованың айтуынша, жақында ғана зауыт балмұздақ шығаруға арналған жабдық сатып алыпты.

— Біз ең жұмысты ең алдымен қарапайым – пломбир балмұздағын шығарудан бастаймыз. Кеңес кезіндегі атақты балмұздақ біз үшін алғашқы бағдар болмақ, — деді ол.

Сондай-ақ, жақында кәсіпорын моцарелла ірімшігін өндіруге арналған қондырғы мен ірімшік пен сүзбеге арналған орау жабдығын сатып алған. Бұдан бөлек, лимонад шығаруды жоспарлауда. Нәтижесінде көп ұзамай «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС өндіретін өнім ассортимент атаулары 40-тан аспақ.
Облыс әкімі зауыттың зор әлеуетке ие екенін, бірақ мейлінше ертерек жаңғыртудан өткізу қажеттігін баса айтты. Ол кәсіпорын қызметіне талдау жасауды, атап айтқанда, өндіріске салынған инвестициялар көлеміне саралауды тапсырды.

Аймақ басшысы жақында құрылтайшылармен кездесіп, зауытты одан әрі дамыту жоспарларын талқылауға ниетті. Кездесу соңында облыс әкімдігі мен «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС басшылығы арасында еңбек заңнамасы саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Аудандағы тағы бір ірі кәсіпорын – «Меркі қант зауыты» ЖШС қазіргі уақытта қиын кезеңді бастан кешуде. Басшылық жақында ғана жұмыс процесін тұрақтандырды.
2019 жылы зауыт қызылша өсірушілердің өткізген шикізаттары үшін тиісті төлемдерді кешіктіргені белгілі. Қазір берешек өтеліп, 2020 жыл ойдағыдай түйінделді.
Шаруалардың толассыз өтініштері бойынша өткен жылы зауыт қант қызылшасын желтоқсанның ортасына дейін қабылдаған. 11 мың тонна қант өндірген. Зауыт директоры Нұржан Қарғабаев атап өткендей, 2020 жыл оң нәтижеге қол жеткізілген десек, бұл ағымдағы жылы қызметкерлердің жалақысын 10 пайызға арттыруға мүмкіндік беріп отыр.
Енді серіктестік шетелдік компаниялармен ынтымақтастық орнатуды көздеуде. Бірақ одан әрі дамыту үшін бес миллиард теңге көлемінде инвестиция қажет.

— Мен сіздердің зауыттарыңызға екінші рет келіп тұрмын, қандай қиындықтарға тап болғаныңызды жақсы білемін. Өткен жолы тек басшылықпен кездескен болатынмын, енді міне ұжыммен әңгімелесудің сәті туып отыр. Кәсіпорындағы ең маңызды нәрсе – кадрлар. Зауыттың жұмысы толық тұрақтанғаннан кейін кәсіподақ құрып, ұжымдық шартқа қол қою қажет. Осылайша, жұмысшылардың құқықтары толығымен қорғалатын болады, — деді өңір басшысы зауыт ұжымына. 

Бердібек Сапарбаев атап өткендей, облыс басшылығы «Меркі қант зауыты» ЖШС-ін барынша қолдауға, соның ішінде субсидиялауға дайын екендігін жеткізді.
Кездесу соңында Жамбыл облысының әкімдігі, «Меркі қант зауыты» ЖШС және қызметкерлер өкілдері арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және жұмыспен қамту мәселелері бойынша 2021-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қайтарылған активтер қайда жұмсалуда

Қайтарылған активтер қайда жұмсалуда

18.06.2025
Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне не себеп? Министр жауап берді

Мұнай бағасы күрт қымбаттады

18.06.2025
Таразда иесіз деп танылған пәтерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

Ең қымбат пәтерлер қай қалаларда?

18.06.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді шығарып салды

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді шығарып салды

18.06.2025
Ердос Акимов: “Спорт деген – тәрбие”

Ердос Акимов: “Спорт деген – тәрбие”

18.06.2025
Қазақстанда дене шынықтыру және спорт туралы жаңа заң күшіне енді

Қазақстанда дене шынықтыру және спорт туралы жаңа заң күшіне енді

17.06.2025
Stipendium Hungaricum грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Stipendium Hungaricum грант иегерлерінің тізімі жарияланды

17.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты