- Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Меркі ауданының Ақарал ауылында қараусыз қалған ғимараттардың біріндеқару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған орындыанықтады.
«Қарасора-2023» алдын алу шарасы аясындажедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 9 мм калибрлі «Strimmer 1014″ маркалы травматикалық тапанша, 5,45 мм калибрлі 2 патрон, 9 мм калибрлі2 патрон табылып, тәркіленді.
— Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатыпалу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алыпжүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруамалдары басталды, — деп атап өтті полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.