• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тетіктері әзірленді

28.07.2022
0
Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тетіктері әзірленді
173
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Дархан Жазықбаевтың төрағалығымен 2022 жылдың бірінші жартыжылдықтың жұмыс қорытындысы бойынша мәжіліс өтті.

Жиынға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Агенттіктің басшылығы мен қызметкерлері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық департаменттері бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.

Мәжілісте Агенттік қызметінің барлық бағыттары бойынша жұмыс қорытындылары талқыланып, жылдың соңына дейінгі міндеттер айқындалды.

«Агенттік ағымдағы жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында Мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық міндеттерді іске асыру бойынша жұмыстар жүргізді.

Мемлекеттік аппаратты одан әрі кәсібилендіру Агенттік басымдықтарының бірі болып қала береді. Іріктеу жүйесін жетілдіру және мемлекеттік қызметтен «шығу» тәртібін жеңілдету жөніндегі жұмыс жалғасуда. Мемлекеттік қызметтегі кадрларды іріктеу мен ілгерілетуде меритократия қағидаттарына негізделген ашық, ең бастысы әділ жүйені қалыптастыру маңызды міндет болып отыр», – деді Агенттік Төрағасы Дархан Жазықбаев отырыс барысында.

Мемлекеттік аппараттың сапалық құрамын арттыруға қосымша жағдайлар жасау үшін халықаралық тәжірибені зерделеу негізінде әкімшілік мемлекеттік қызметке іріктеу құралдарын дамыту жөнінде шаралар қабылдануда.

Осылайша, цифрлық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетіне тестілеуді, құзыреттер бойынша әңгімелесуді, эссе жазуды және бейінді тестілеуден өтуді қамтитын жаңа тәсілдер қарастырылады. Бұл ретте іріктеу процесінің ашықтығы мен клиентке бағдарлануы конкурстық рәсімдерді толық цифрландыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Кейбір лауазымдарға мемлекеттік қызметке кіру тәртібін жеңілдету қарастырылуда. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтен «шығу» бойынша тәртіп оңтайландырылады. Тиісті заң жобасы Парламенттің қарауына енгізілді.

Мемлекеттік бастамалар мен салалық жобаларды іске асыру кезеңінде мемлекеттік органдарға арнаулы білімі бар кәсіби мамандарды тарту үшін келісімшарттық қызметшілерді жалдау мүмкіндігі берілетін болады.

Агенттіктің өңірлік департаменттері өткізетін «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» шеңберінде іске асырылатын таланттарды мемлекеттік қызметке тартуды жаңғырту бойынша тәсілдер пысықталды. Осылайша, бірыңғай әдістемелік ұсынымдар әзірлеу көзделеді, оны орындау және іріктеудің жыл сайынғы мерзімдерін белгілеу бойынша тәсілдер жетілдірілмек.

Сондай-ақ Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерін мемлекеттік қызмет жүйесіне және квазимемлекеттік секторға тарту жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмысты жүйелеу үшін мансаптық ілгерілеу, дағдыларды дамыту және қызмет тиімділігін бағалау мәселелерін реттейтін мемлекеттік қызметке резервшілерді жалдау алгоритмі әзірленді. Айта кету керек, бүгінгі таңда резервтегі 350 қызметкердің 238-і жұмысқа орналастырылды.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

10.05.2025
Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

10.05.2025
Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

10.05.2025
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

09.05.2025
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский