Мемлекеттік тіліміз тәуелсіздігіміздің ең маңызды нысаны, ұлтымыздың мәдениеті мен рухани болмысының негізгі тірегі болды.
Мемлекетіміздің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық
саласында, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс
қағаздарын қазақ тілінде жүргізу керек деген мәселеге 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданған сәттен бері ерекше назар аударылып келе жатыр. Тіл құрылысы процесстерінің одан әрі кеңейюі мен тереңдеуі үшін алғы шарттар жасалған, оның ішінде қолданыстағы электрондық құжат айналымға қатысты бағдармалардың барлығы мемлекеттік тілде жүргізілуіне мүмкіндік берілген. Бұл да мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуіне үлкен үлесін тигізіп отыр.
Алайда, мемлекеттік тілдің қолданысы әлі де біз ойлағандай деңгейде
емес. Қылмыстық-процестік заңнамысының талабына сай, Қазақстан
Республикасында қылмыстық сот iсi қазақ тілінде жүргiзiлуі тиіс. Өкінішке орай, істердің қай тілде қаралатынын соттар айқындамайды. Сот ісін жүргізу заңнамаларында белгіленгендей арыз Қылмыстық процесті жүргізетін органға қай тілде түссе, сол тілде іс жүргізіледі. Қажет болған кезде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарылады. Кейбір процесске катысушылар қазақ тілін білмегендіктен сот ісін өзі жетік білетін ресми тілде жүргізуге мүдделі болатын жайттар да аз емес. Әрине, оған да заң тарапынан мүмкіншілік берілген, атап айтқанда осы заңмен сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі де қолданылады. Мысалға айтар болсақ, кейде осындай қазақша білмейтін бір адвокаттың кесірінен сот отырысына аудармашы алдырып, әр қатысушының сөзін аударып әуреге түсуге тура келеді. Ал аудармашының еңбегін мемлекет төлейді. Бұл да бюджетке кәдімгідей шығын. Одан бөлек сот отырысына қатысатын қаншама адам уақыт жағынан ұтылады?
Тілге деген құрмет әрқайсымыздың санамызда үнемі жаңғырып тұруы тиіс деп ойлаймын. Мемлекеттік тілді білу — Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады. Қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек!
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы
А.Қабдуллақызы