Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте-деп қазақ атамыз тегін айтпаған. Тіл ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры. Сондықтан әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие. Әр халықтың ана тілі-оның жаны. Ұлттық болмыс бітімнің бейнесі, ғасырлар бойы жинақтаған рухани байлығының көзі, ішкі жан дүниесінің өзіне ғана тән құпиясы.
Тіл саясаттың жүзеге асырылуына ұдайы назар аударып отыру, сол арқылы уақыт ағымына сай туындайтын жаңа мүмкіндіктерді айқындау-жауапты мәселе. Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту де зор мақсат. Бұған еліміздің тиісті сала басшылары, тілші-ғалымдар мен тіл жанашырлары әрдайым назар аударып, ортақ мәселелерге байланысты ой-пікірлерімен бөлісіп отыруы келелі іс. Әлбетте, мемлекеттік тілдің жағдайы әрбір жанашыр азаматты толғандырары сөзсіз. Баршамыз осы іске бір кісідей атсалысып,үлесімізді қосатын болсақ, қазақ тілінің тұғырын биіктете түсеріміз анық. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек» деп айтып өткен болатын. Сондықтан да мемлекеттік тілді өз мәртебесіне сайқоғам өмірінің барлық салаларына енгізу, қолданыс аясын кеңейту- бүгінгі күннің өзекті де келелі мәселелердіңбірі болып отыр. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер-сол ана тілің. Ана тілінің бүге-шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу-саналы азамат болгысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол-туған жерді, отанды, атамекенді сүйе білу деген сөз.
Түркі тілдерінің ішіндегі ең бай, ең сұлу, ең көркем, мәнді де мағыналы тіл-қазақ тілі екені сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда,біздің көкейімізге ең алдымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біз тегіміздің-Түркі, дініміздің-Ислам, тіліміздің-қазақ тілі екенін ешқашанда ұмытпауымыз керек.!» деп ұрпаққа салмақты ұран тастаған өсиет сөзі оралады. Тіл-асыл қазына, рухани мұра. Халық үшін тілден асқан байлық бар деудің өзі астамшылық болса керек. Олай болса, ана тіліміздің өркендеп өсуіне, еркін қанат жаюына үлес қосу кез-келген қазақ азаматының міндеті. Мемлекеттік тілге деген қажеттілік тәуелсіздігімізден бастау алып, заман талабына сай күннен күнге артып келеді. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мақсатында мемлекет тарапынан нормативті құқықтық кесімдер мен бағдарламалар қабылданып,түрлі іс-шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, еліміздің 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциясынан бастап 1997 жылғы 11 шілдедегі «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының қолданысқа енуін мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, өрісін кеңейту үшін жасалған қадамдар деп қабылдаған жөн. Мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сауаттылығы мен сапасын қамтамасыз етудегі алғышарттар туралы және іс қағаздарына мемлекеттік тілде сауатты жүргізетін кадр дайындау мәселесі жөнінде сөз қозғаған кезде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тіліндей қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу қажет»-деген сөздері еске түседі. Қазір ар мен намыстың, күмән мен үміттің болашаққа деген сенімнің айрықша баламасына айналған тіл тағдырына алаңдаушылық аса маңызды қоғамдық және саяси мәселе болып отыр. Ол елдің елдігіне, мемлекеттің мемлекеттігіне сын болатын, ұрпақ келешегі мен халық болашағының кепіл болатын аса киелі шаруа. Мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты мемлекет өз тарапынан жасалуға тиісті нәрсенің бәрін жасап жатыр, бүгінгі күні қазақ тілінің тиісті мемлекеттік мәртебесі бар. Тиісті заң бар. Ол заң іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге мүмкіндік береді. Ол заң кез-келген жерде мемлекеттік тілде сөйлеуге, кез-келген қағазды мемлекеттік тілде жазуға, қажет жерінде сол тілде жауап алуға жағдай жасайды. Тілге деген құрмет-халыққа деген құрмет.
Мемлекеттік тілді оқып-үйрену бағытында жүргізілген алғашқы кезеңдегі жұмыстар қазіргі таңда күнделікті іс қағаздарын, құжаттарды қазақ тілінде сауатты жаза білу, қисынды сойлеу шеберлігі мен тіл мәдениеті талаптарын меңгеру сияқты т.б. игілікті істермен жалғасын тапты.
Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының бас маман — сот отырысының хатшысы А.Казкенова