• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР – ҚУАТТЫ ЭКОНОМИКА НЕГІЗІ

11.11.2021
0
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР – ҚУАТТЫ ЭКОНОМИКА НЕГІЗІ
232
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Агроөнеркәсіп мемлекеттің негізгі экономикалық ахуалының дамуына, өзіндік тұрғыдан дамуына үлес қосатын еліміздегі маңызды салалардың бірегейі. Аталған сала  ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге, сонымен қатар, өнімді тұтынушыға жеткізуге қатысатын барлық шаруашылық салаларын біріктіреді. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты ол агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімін, өңделген өнім экспортын ұлғайту жолымен агроөнеркәсіп кешен саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.Ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін және өнімділігін арттыру мақсатында «Рамазан» ШҚ-ы 1,07 га жерге жылыжай салу үшін өз қаражаты есебінен 30 млн. теңге және Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы (ӘКК) арқылы 30 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек ала отырып, тамшылатып суару технологиясын енгізді. Шаруа қожалығы 5 адамды тұрақты және 8 адамды маусымды жұмыспен қамтуда.

Сүт өнімдерін өңдеуші «Көкжиек-2030» ЖШС-і жаңа үлгідегі Итальяндық цехын іске қосты. Қазіргі таңда өнім көлемін 3650 тоннаға немесе 15%-ға арттырып, 1 млрд. 350 млн. теңгеге өнім өндіруде. Қосымша 30 жұмыс орны ашылды. 2021 жылы «GOOD LOOK» ЖШС-і 1,1 млрд теңгеге инвестиция тарта отырып, Чехия мемлекетінен «Семелтау» тұқымдас етті және сүтті бағытта мүйізді ірі қара мал әкелуді жоспарлап отыр. Жоспарға сәйкес, жылына 5,5 мың тонна сүт, 300 мың тонна ет өндеуді көздеуде. Осы жобаны іске асыру үшін Жамбыл ауданынан 38 га жер бөлінген. Сонымен қатар, «Империя» ЖК қуаттылығы 2 мың тоннаны құрайтын балмұздақ цехын салу үшін 800 млн. теңге көлемінде инвестиция тартуды жоспарлауда.

 

2021 жылдың шілде айында Жамбыл аудынында тіркелген «Алтын бұлақ» шаруа қожалығы Тараз қаласының аумағынан «Тараз» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы» АҚ-ы арқылы 18 га жер телімін алып өз қаражаты есебінен 30 млн. теңге инвестиция тарта отырып балық шаруашылығын ашуды жоспарлауда. Шаруа қожалық басшысы шаруашылықта амур, сазан, дөңмаңдай (толстолоб) атты балық түрлерін өсіруді жоспарлап отыр. Ал индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты: өңдеуші өнеркәсібінің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі. Бағдарламада облыс әкімі мен Тараз қаласы әкімі арасындағы келісімде 3 индикатор қарастырылған. 2021-2022 жылдары жалпы құны 17 млрд. 594 млн. теңгені құрайтын  6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, жобалар іске асырылғанда 1024 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

«Kisc» ЖШС-нің «Металл құю цехын жаңғырту» жобасы. Жобаның құны – 1 млрд 870,0 млн. теңге, бүгінгі күні металл құю қуаттылығы 3,5 мың тоннаға дейін болса, модернизациядан кейін қуаттылығын жылына 24,0 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр, ашылатын жұмыс орындары 150 бірлік. Жоба бойынша  қазіргі  уақытта іске қосу-реттеу жұмыстары 90% орындалған. Мерзімі 2021 жылдың ІV-тоқсанына жоспарланып отыр.

«СП-Тараз PET» ЖШС-ның «Полиэтилентерефталат рециклингу бойынша зауыт салу» жобасы. Жоба құны – 3 млрд. 860,0 млн. теңге. Жобаның қуаттылығы 6,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 64 бірлік. Инфрақұрылымға «Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік  бағдарламасы аясында 203,0 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде, республикалық бюджеттен 185,0 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 18,0 млн. теңге. 2021 жылдың III тоқсанында инфрақұрылым мен құрылыс жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр. Іске қосылу мерзімі -2022 жыл.

«Alima Delux» ЖШС-ның «Тұрмыстық техника зауыты» жобасы (газ плита өндірісі). Жоба құны – 3 млрд. 354,0 млн. теңге. Жобаның қуаттылығы жылына 100 мың  дана газ плита шығару, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 500 бірлік. Жобаның іске қосылу мерзімі 2022 жылдың  І жарты жылдығына жоспарлануда. Жобаны іске асыру үшін Тараз-Аса айналмалы жол бойындағы индустриалдық аймақтың жанынан 11,0 га жер телімі бөлінді. Жер телімінің топографиялық түсірілімі  жасалып, актісі алынды. Бүгінгі күнге Түрік мемлекетінің әлеуетті инвесторларымен келіссөздер  жүргізілуде. Түрік мемлекетінің инвесторлары «Alima Delux» ЖШС-ның 49% үлесіне  қатысу үшін «Самұрық Қазына Инвест» ЖШС-не қажетті құжаттарды жинақтауда және жобаны қаржыландыруға қажетті қаражат алу үшін Қазақстан Республикасының Даму банкіне де құжаттар дайындалуда. Сонымен қатар, зауыттың эскизі мен жобалық-құжаттары және техникалық-экономикалық  негіздемесі  дайындалып аяқталды. Инвестициялық жобаны толық қолдауды Kazakh Invest Ұлттық компаниясы жүзеге асыруда.

«Оргэлитстройсервис» ЖШС-ның «Қант қызылшасы мен мелассаны терең өңдеу арқылы қант өндірісі» жобасы. Жоба құны 880,0 млн. теңге, жоба қуаттылығы жылына 6120 тонна қант өндірісі, 330 тонна қант мелассасы, ашылатын жұмыс орындары 36 бірлік. Жобаны іске асыру үшін Асқаров көшесінің соңынан 5,5 га жер телімі берілді. Іске қосылу мерзімі 2022 жылдың І жарты жылдығына жоспарланып отыр.

«Дәмді себет» ЖШС-ның «Ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіруді ұйымдастыру» жобасы. Жоба құны 320 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 2160 тонна ұн өнімдері, ашылатын жұмыс орындары 105 бірлік. Аталған жобаның іске асырылуы бойынша жер мәселесі шешіліп, 15 шағын ауданынан 0,5 га жер теліміне құжаттар рәсімделді. Ағымдағы жылдың 27 мамырында «Дәмді себет» ЖШС-і тарапынан пандемия және экономикалық жағдайларға байланысты жобаны іске қосу мәселесін 2022 жылдың желтоқсан айына көшіру туралы ұсыныс түскен. Бүгінгі күнге Облыстық аймақтық үйлестіру комиссиясында қарастырылып, іске қосылу мерзімі 2022 жылдың ІІ жарты жылдығына ауыстырылды.

 

«Alina Group» ЖШС-ң өндірістік базасын кеңейту және жаңарту» жобасы. Жоба құны 7,3 млрд. теңге, жоба қуаттылығы жылына — 150 мың тонна, 169 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Іске қосылу мерзімі 2022 жылдың ІІ жартыжылдығы. Бұдан бөлек, өткен жылдан өтпелі «Тараз Арматура зауыты» ЖШС-гі – «құрылыс арматурасын шығару» инвестициялық жобасы ағымдағы жылы іске асырылатын болады. Жоба құны – 2 млрд 177,0 млн. теңге. Жылдық қуаттылығы 200 мың тонна және 297 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұдан өзге, «Әулие-Ата» халықаралық әуежайын қазіргі стандарттарға сай дамыту бойынша Түркияның «ГАТА Хава Йоллары» компаниясымен, «Тараз» индустриалдық аймағында құрылыс материалдарын шығаратын зауыттың құрылысы бойынша «Кнауф Гипс Бурылтау» ЖШС-ның өкілдерімен келіссөздер жүргізілуде. Жобаның кұны 14,5 млрд. теңге (100% жеке қаражат), жоба бойынша 140-180 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Ал, Пекиндік компания «Chaijiu Hortculture Technology (Beijing) Co.,Ltd» жылыжай салуға қызығушылық танытуда. Сонымен қатар, «КFS», «Burger King», «McDonald’s» фаст-фуд мейрамханаларын ашу бағытында жұмыстар атқарылуда.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

Тегтер: ауылшаруашылықбағдарламажобаТаразэкономика
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараз қаласында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды

Тараз қаласында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды

08.06.2025
Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады

Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады

07.06.2025
Алматыда жатақханалар құрылысы: инвесторларға арналған мемқолдау шаралары

Алматыда жатақханалар құрылысы: инвесторларға арналған мемқолдау шаралары

07.06.2025
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ЖАТТАП, 18-ші ЖАС ҚАРИ ТҮЛЕК АТАНДЫ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ЖАТТАП, 18-ші ЖАС ҚАРИ ТҮЛЕК АТАНДЫ

06.06.2025
Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді

Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді

06.06.2025
ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды

ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды

05.06.2025
Шерзат ісі: сот үкімі шықты

Шерзат ісі: сот үкімі шықты

05.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты