• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысының тапсырмалары ерекше бақылауда

19.07.2022
0
Мемлекет басшысының тапсырмалары ерекше бақылауда
120
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде Экология министрі С.Брекешев мәлімдеді. Ол Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында геологиялық саланы дамыту және киіктердің санын басқару бойынша шаралар қабылдау бөлігінде берген тапсырмаларын іске асыру барысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Геологияға қатысты

Геология саласының алдында бүгінгі күні қорлардың төмен толықтырылуы және геологиялық барлауға инвестициялардың төмен деңгейі тән. Сала алдындағы негізгі міндеттер геологиялық зерделенуді арттыру және перспективалы учаскелерді анықтау, геология саласы мен геология ғылымының инфрақұрылымын дамыту, процестерді цифрландыру және автоматтандыру, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру болып табылады.

«Ұлттық жоба аясында геологиялық зерттеулердің жалпы ауданы 2026 жылға қарай 680 мың км2 құрайды. Бұл 2,2 млн. км2 дейінгі аумақты геологиялық-геофизикалық зерделеумен қамтуға мүмкіндік береді. Сирек кездесетін металдарға перспективалы учаскелерді анықтауға ерекше назар аударылады», — деп атап өтті Министр.

Процестерді цифрландыру және автоматтандыру шеңберінде минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкін енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Өкінішке орай, жұмыс 2017 жылдан бастап қаржыландыруды бекіту, жеткізушіні анықтау бойынша ұзақ рәсімдерге байланысты кейінге қалдырылды.

Қазіргі уақытта құрылып жатқан «Kaznedra» жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы шеңберінде осы ақпараттық жүйені одан әрі іске асыру туралы шешім қабылданды. Платформа ведомствоаралық болып табылады, оған жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыс істейтін мемлекеттік органдар қатысады. Қазіргі уақытта осы бағытта Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізілуде.

«Осы жылдың соңына дейін Деректер базасының құрылымы, интерактивті карта, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияға өтінімнің бизнес-процесі сияқты платформа компоненттері тестілік режимде жұмыс істейтін болады. Бұл платформаны енгізу мәселесі ерекше бақылауда», — деп атап өтті С.Брекешев.

Сонымен қатар, инвесторларға геологиялық ақпаратқа ашық қол жеткізу арқылы кешенді сервистік қолдау көрсету мақсатында өткен жылдың желтоқсан айында Ұлттық геологиялық қызмет құрылды. Қызмет аясында қор қоймасын, 2 керн қоймасын салу, 4 керн қоймасын жөндеу және жаңғырту және деректерді өңдеу орталығын құру жоспарлануда. Нәтижесінде мемлекеттік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ға жетеді.

«Геологиялық барлаудағы инвестициялық тартымдылықты жақсарту мақсатында біз мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеудеміз», — деді ведомство басшысы.

Киікке қатысты

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында өткен аптада Экология министрінің төрағалық етуімен ғылыми ұйымдардың, мүдделі мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтардың қатысуымен киіктердің популяциясын басқарудың жаңа тәсілдерін қарау мәселесі бойынша кеңес өткізілді.

Зоология институты мен Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілдері әрбір популяцияның оңтайлы санын анықтау, тиімді мониторинг және тұрақты басқару үшін Қазақстандағы киік популяциясы ареалындағы экожүйелерді кешенді бағалау бойынша терең ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныс айтты.

Бұл ретте, Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ұстанымы мынадай, биылғы жылы киіктердің ғылыми зерттеулерін қаржыландыру қарастырылмаған, осыған байланысты олар оны 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мәселелерінің аясында қарайтын болады.

Алайда, киік популяциясын басқарусыз олардың шексіз ұлғайып, тұрақты өмір сүре алмайтынын түсіну керек. 1980 жылдан бастап киіктер санының динамикасын талдау көрсеткендей, жануарлардың орта есеппен әр 3,5 жыл сайын жаппай қырылуының 11 жағдайы бүкіл популяцияның 34%-ы немесе жалпы санның 18%-ның қырылуын көрсетіп отыр.

«Осыған байланысты киікті сақтау тұрғысынан осы түрді арнайы қорғауды жалғастыра отырып, оларды орынды пайдалану кезінде оның таралымының барынша ықтимал мөлшерін ұстап тұру орынды. Мұндай популяцияны басқару мұқият дайындықты қажет етеді. Сондықтан біз Зоология институтымен терең зерттеу жұмыстарын бастаймыз және олар аяқталғаннан кейін көпшілікті хабардар етеміз. Жұмыс бір жылдың ішінде бітпейді.

Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен даулы мәселелерді шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі жабайы жануарлардың таптауы және фермерлерге келтірілген залалды өтеу әдістемесін әзірлеу бойынша мәселелерді қарайтын болады», — деп түйіндеді С.Берекешев.

Брифинг қорытындысы бойынша Экология министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Биыл 6 айда электросамокаттардың қатысуымен 78 жол апаты тіркелді

Екі жас скутер айдап мүгедек болып қалды

24.05.2025
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Алматы қаласының әкімі тағайындалды

24.05.2025
Таразда 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді  

Таразда 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді  

23.05.2025
Өңірлік колледждерде инвестициялық жобаларға сапалы кадрлар дайындалмақ

Өңірлік колледждерде инвестициялық жобаларға сапалы кадрлар дайындалмақ

23.05.2025
Елімізде ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар

Елімізде ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар

23.05.2025
Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады

Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады

23.05.2025
Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді

Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді

23.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты