• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Халықаралық волонтерлер форумына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумына қатысты, деп хабарлайды turaninfo.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

21.06.2023
0
Мемлекет басшысы Халықаралық волонтерлер форумына қатысты
145
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Президент өз сөзінде мемлекет пен қоғамның сенімді серіктестігі маңызды екенін атап өтіп, еріктілер қоғамда айрықша рөл атқаратынын айтты.   

– Қазақстанда 2020 жыл еріктілер жылы болды, біраз шаруа атқарылды. Қазір еліміздегі волонтерлік ұйымдар саны 3 есе өсті, яғни 680 ұйым бар. Еріктілердің саны 200 мыңға жетті. Барлық аймақта фронт-офистер ашылды. Онда мыңдаған волонтер дайындықтан өтті. Qazvolunteer.kz платформасы жасалды. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстанда кез келген адам еріктілер тобына мүше болып, пайдалы іске өз үлесін қоса алады. Шын мәнінде, бұл – зор мүмкіндік. Сондай-ақ біздің волонтерлер Иордания, Кения, Таиланд және Түркия елдеріне арнайы барып, тәжірибе жинақтады. Осы тұста мен Қазақстан еріктілеріне қолдау көрсетіп жүрген Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдеріне алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент волонтер болу, ең алдымен, патриотизмнің, яғни отаншылдықтың жарқын көрінісі деп санайды. Бұл – адамгершілік құндылықтарын бәрінен жоғары қоятын жандардың өмір салты.

– Еріктілер өнегелі істері арқылы қоғамды дамытуға зор үлес қосады. Жанашырлық – қазақтың қанында бар қасиет. Халқымыз қиындыққа тап болған адамдардан көмегін аямаған. Ел басына күн туған қиын-қыстау сәтте «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара» білген. Қазақстанға жер аударылған талай этнос өкілдерін бауырына басып, барын бөліскен. Сондықтан бүгінгі жиынның мақсаты халқымыздың болмысымен үндес екені сөзсіз, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құратынын атап өтіп, барлық еріктілерді Адал азамат деуге болатынын айтты.

– Маған еріктілер мен қайырымды жандардың «кең ауқымда ойла, соған сай әрекет ет» деген қағидаға сүйеніп жұмыс істейтіні ұнайды. Шын мәнінде, ертеңгі жарқын болашаққа жету үшін біз бүгін батыл қадамдар жасауымыз керек. Бұл ұстаным экологиялық мәдениет пен саналы тұтыну дәстүрін қалыптастыру үшін өте өзекті. Ол үшін адамдардың сана-сезімі мен дүниетанымын өзгерту керек. Тек сонда ғана реформалардың нәтижесі тұрақты әрі мәңгілік сипатқа ие болады. Тұлғаның жеке үлгі көрсетуі және «тең – теңімен» қағидатын ұстануы  волонтерліктің негізгі қозғаушы күші деп санаймын. Идеяларды белсенді түрде тарату және қайырымдылықты насихаттау қоғам дамуының жауапты азамат және патриотизм ұғымдарына негізделген жаңа парадигмаларын қалыптастыруға ықпал етеді. Осы себепті елімізде волонтерлік қозғалыстың дамуын ілгерілету үшін барынша жағдай жасалады, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда 2021-2023 жылдарға арналған Волонтерлікті дамыту жол картасы аясында бірқатар жоба табысты іске асырылды. Мемлекет басшысы қоғамда еріктілік мен қайырымдылық дәстүрін нығайту үшін бірнеше кешенді шара қабылдауды ұсынды.

– Осы саладағы стратегиялық бағыттарды нақты көрсететін жаңа Жол картасын әзірлеу керек. Аталған  құжат волонтерлік қозғалысқа тың серпін беріп, оның таяу жылдардағы дамуының басты бағыттарын айқындауға тиіс.  Екіншіден, еріктілік мен қайырымдылық ісін есепке алатын жүйені кезең-кезеңімен енгізу қажет. Бұл бастама волонтерлік қозғалысты ынталандыру үшін заңнамалық деңгейде тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, волонтерлік қозғалысты ұзақмерзімді грант беру арқылы ынталандыру керек. Бұл ретте мемлекеттік және жекеменшік грант берушілер арасында тұрақты серіктестік орнатып, отандық және халықаралық донорлардың бір-бірімен нәтижелі ынтымақтастығын  қалыптастыру маңызды. Төртіншіден, волонтерлік және қайырымдылық істерді институттық тұрғыда қолдау инфрақұрылымын дәйекті түрде дамытқан жөн. Ол үшін волонтерлердің ұлттық және аймақтық деңгейдегі фронт-офисінің  ұйымдастырушылық, техникалық және кадрлық әлеуетін күшейту қажет. Бесіншіден, волонтерлік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және ілгерілетуге ерекше назар аудару қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сөзінің соңында Президент аталған форум бұл бағыттағы ортақ жұмыс өзекті әрі өте қажет екенін және еліміздегі волонтерлік қозғалысты дамытуға тың серпін беретінін атап өтті.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің  форум қатысушыларына үндеуін ұйымның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори оқып берді. Сондай-ақ жиында  БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбанов,  БАӘ Толеранттылық  және бейбіт қатар өмір сүру министрлігінің бас директоры Афра Мұхаммед Әл Сабри, Түркияның белгілі мәдениет қайраткері Халук Левент және басқа да  спикерлер сөз сөйледі.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzВолонтерлар форумытоқаев
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
Қазақстан мен ЕО экологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен ЕО экологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

19.06.2025
Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады

Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады

19.06.2025
Жазғы демалыс – әр балаға қуаныш пен қамқорлық

Жазғы демалыс – әр балаға қуаныш пен қамқорлық

19.06.2025
Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

18.06.2025
Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

18.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты