Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудағы жаңа бағдары» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым және мектепалды даярлық сынып педагогтеріне арналған Тамыз кеңесінің облыстық секциялық отырысы өтті.
Аталған жиынға Ерманова Мария Наятқызы, Қуантай Амантайұлы, Турдалиева Шолпан Тұрсынбайқызы, ПШО тренерлері және аудандар мен Тараз қаласының жауапты әдіскерлері, мекеме басшылары, бөбекжай-бақшасының әдіскерлері, барлығы 191 адам қатысты.
Секциялық отырыста қатысушыларға тәрбиелеу-білім беру процесін жүйелі ұйымдастырудың тиімді жолдары бойынша тұжырымды идеялар ұсынылып, ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы