Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Байзақ ауылында орналасқан №4 мектеп — лицейінің директоры парақорлық фактісімен ұсталды деп хабарлайды TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі.
№4 мектеп — лицейінің директоры Айгүл Есжанова парақорлық фактісімен ұсталды деген хабарды ести салып Байзақ ауданы білім бөлімнің басшысы Нұрболат Мамырбаевқа хабарласқан болатынбыз. Бөлім басшысы «Құзырлы органнан ешқандай құжат келмеді деп» жауап берді.
Байзақ ауылының тұрғындарына хабарласқанымызда аты жөнін атамауын сұрап, факті бүгін азанда кабинетінде болған туралы пікір білдірді.
Сонымен қатар, Айгүл Есжанова Байзақ аудандық орталық аурузханасының бас дәрігерінің келіні екен.
Директормен орын алған жәйт туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті ресми сауал ретінде жолданды.