• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Денсаулық

Мамандығы – мақтанышы Адам жанының бағбаны…

10.06.2021
0
Мамандығы – мақтанышы Адам жанының бағбаны…
187
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Адам жанына араша түсіп, жүрегіне жылылық пен мейірімділікті сыйғызған ақ халатты абзал жандардың бірі – Сидорова Анастасия Ивановна. Дертке дауа, жанға сая қастерлі мамандықты бала кезінен армандап өскен дәрігер «Мамандығым-мақтанышым, ақ халатым-адалдығым, жылы сөзім – жан жадыратар шипалы емім» деп біледі. Ол қызығы мен қиындығы қатар жүретін, үлкен жауапкершілікті талап ететін, жұмысы да ауқымды мерейлі мамандықты абыроймен атқарып, саналы ғұмырын денсаулық саласына арнап келеді.

Сидорова Анастасия Ивановна 1962 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Билікөл ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүргенде химия, биология пәндерін басқасынан артық көретін. Осылайша, 1980 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына түсіп, оны 1986 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын Жамбыл қалалық №1 емханасында дәрігер-интерн ретінде бастайды. 1988 жылдан бастап Тараз қаласының жедел медициналық жәрдем станциясында көшпелі бригада дәрігері, ал 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облыстық жедел жәрдем стансасында аға дәрігері қызметін атқаруда.

Денсаулық сақтау саласында еңбек жолын жалғастырған 34 жыл уақыттың ішінде мыңдаған адамның өміріне арашашы болды. Талай адамның тағдырына араласты, үлкен-кішіге көмек қолын созды. Дүние есігін ашқан нәрестелердің кіндігін кесті. Алуан түрлі оқиғаларды көзімен көріп, бетпе- бет арпалысты. Қызмет бабымен күнделікті орта есеппен айтқанда 20-30 шақыртуға барады. 20-30 есікті қағады, сонша табалдырықты аттап, осынша адамның өміріне қызмет көрсетеді. «Бес саусақ бірдей емес» дегендей шақырту барысында сан түрлі мінезі бар адамдармен кездеседі. Кейбіреудің оқыс әрекеттеріне куә болған кездері де бар. Жедел жәрдем көлігі жеткенше кіндігі мойынына оралып туғандықтан көгеріп кеткен шақалаққа алғашқы көмегін көрсетіп, өмірін сақтап қалған. Сол сәби қазір дін аман, бес жаста.

«Әрине, адам жанының инженері болу оңай емес және кез келгеннің меңгере алмайтын кәсібі. Шақыртумен барғанда науқасқа дереу алғашқы көмекті көрсету, бірден шешім қабылдау секілді жауапкершілікте ағаттық жасауға болмайды. Алдыңда адам тағдыры тұрғандықтан біліктілік пен ептілік басты қажеттілік, ал тәжірибе жинақтап, ізденіп, үйрену өмір талабы,- дейді ол.

Анастасия Ивановна өз кәсібін жетік меңгерген, тәжірибелі маман.. Өткен 2017 жылы көп жылдық еңбегі мен үздік жұмысы үшін «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Адам денсаулығының сақтаушысы бола білген ол, өзінің адал еңбегімен көпшіліктің қошеметіне бөленіп жүрген мәртебелі мамандық иесі, білікті дәрігер.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мойынқұм ауданында Әкелер күніне арналған тағылымды іс-шара өтті

Мойынқұм ауданында Әкелер күніне арналған тағылымды іс-шара өтті

15.06.2025
Жамбыл облысының ПД бастығы бір күнін балалармен бірге өткізді

Жамбыл облысының ПД бастығы бір күнін балалармен бірге өткізді

14.06.2025
Жамбыл облысында медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Жамбыл облысында медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

13.06.2025
Қазақстан ұшақтарына Иран, Израиль және көршілес елдер үстінен ұшуға тыйым салынды

Қазақстан ұшақтарына Иран, Израиль және көршілес елдер үстінен ұшуға тыйым салынды

13.06.2025
Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

13.06.2025
Әбиба Әбужақынова дзюдодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Әбиба Әбужақынова дзюдодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

13.06.2025
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі отырысын өткізді

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі отырысын өткізді

13.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский