• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Мәжілістің 2020 жылғы жұмысы қорытындыланды

30.12.2020
0
Мәжілістің 2020 жылғы жұмысы қорытындыланды
205
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Палатаның 2020 жылғы соңғы жалпы отырысын өткізіп, қорытынды нәтижелерге тоқталды.   Палата Төрағасы атап өткендей, депутаттық корпустың жұмысы толықтай  Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық тапсырмаларын және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамаларын, сондай-ақ халыққа Жолдауын сапалы заңдармен қамтамасыз етуге арналды.  Оның ішінде, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, шағын және орта бизнесті қолдау, экологиялық жағдайды жақсарту негізгі бағыттардың бірі болғанын алға тартқан Нұрлан Нығматулин, қабылданған барлық Заңдар халқымызды әлеуметтік қолдауға, елімізді одан әрі  дамытуға ықпал ететінін жеткізді.   Тұтастай алғанда, осы шақырылым барысында Парламент Палаталарының 23 бірлескен отырысы, Мәжілістің 1208 мәселе қаралған 186 жалпы отырысы өткен.   Осы уақыт ішінде Палатаның қарауында 487 заң жобасы болып, оның 432-сі мақұлданып, Сенатқа жолданды. Ал, бүгінгі таңда 391 заң жобасына Мемлекет Басшысы қол қойды. Тағы ерекше айта кететін жағдай, Мәжіліс депутаттары осы шақырылымда 60 заң жобасына өздері бастамашы болды. Мәжіліс «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Экологиялық кодекс», «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс» және Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі), сондай-ақ, Кедендік реттеу және Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы алты маңызды кодексті қабылдады. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин шақырылым барысында «Nur Otan», «Ақ жол», «Халық коммунистері» партияларының фракциялары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы белсенді жұмыс істегенін айта келіп:

Ерекше айту керек, біздің депутаттық корпус елде қалыптасқан жағдай кезінде де, карантин кезінде өз жұмысын бір күнге тоқтатқан жоқ. Қайта, заманға сай технологияларды пайдаланып, тиімді  жұмыс жасадық, — деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс қызметі барысында халық көтерген нақты мәселелерді шешуге үнемі көңіл бөліп келеді. Осы бес жыл ішінде мәжілісмендер 1150 депутаттық сауал жолдап, тұрғындардан 23 700-ге жуық хат келіп, тиісті жауабы қайтарылған. Сондай-ақ, депутаттар өңірлерді аралап, 17 мыңнан астам кездесулер ұйымдастырып, 1 млн.астам халықпен кездесулер өткізді. Нұрлан Нығматулин алтыншы шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің жұмысы ашық та нәтижелі болғанын атап өтіп, заң жобаларын талқылайтын жұмыс топтарының құрамына парламенттік емес партиялардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылатынын атап өтіп, Мәжілістің жалпы отырыстары, комитеттердің жиындары беделді ақпараттық сайттарда, порталдарда онлайн түрде көрсетілетініне тоқталды. Сонымен қоса, отырыста депутаттар дипломатиялық қызмет туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл заң жобасын қабылдау дипломатиялық қызмет органдары жүйесінің қызметін нормативтік реттеуді жетілдіруге, халықаралық ұйымдарда жұмыс істеу үшін дипломатиялық қызмет персоналының ынтасын арттыруға, осы органдардың қаржылық тәртібін нығайтуға және олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді.  Бүгін депутаттар бірқатар ратификациялық заң жобалары мақұлдады. Атап айтқанда: бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім, сондай-ақ, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама. Жалпы отырыста Палата Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты, өнеркәсіптік қауіпсіздік және ғылым, сондай-ақ адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелеріне қатысты заң жобаларын екінші оқылымда мақұлдап, қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша Сенат енгізген түзетулермен келісті. Сондай-ақ, Палата инклюзивті білім беру туралы заң жобасымен жұмысты одан әрі жалғастыратын болып, сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша заң жобасын жұмысқа алды. Отырысты қорытындылаған Мәжіліс Төрағасы депутаттарға еліміздің заңнамалық базасын жетілдіріп, отандық парламентаризмді дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін, сондай-ақ, заң шығару процесіне белсенді араласқан барлық мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның, сараптамалық қоғамдастықтың өкілдеріне алғысын білдірді.

(Мәжілістің Баспасөз қызметі.74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов)

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
Қазақстан мен ЕО экологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен ЕО экологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

19.06.2025
Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады

Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады

19.06.2025
Жазғы демалыс – әр балаға қуаныш пен қамқорлық

Жазғы демалыс – әр балаға қуаныш пен қамқорлық

19.06.2025
Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

18.06.2025
Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

18.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты