• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Мәжіліс қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелеріне қатысты депутаттық түзетулерді I оқылымда мақұлдады

17.06.2020
0
Мәжіліс қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелеріне қатысты депутаттық түзетулерді I оқылымда мақұлдады
153
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Нұр-Сұлтан, 17 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бірқатар депутаттық заң жобалары мақұлдады. Атап айтқанда, депутаттар қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат тұжырымдамасында тұрмыстық қатты қалдықтарды жағу арқылы оларды кәдеге жарату көзделеді. Бұл қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға және олардың көмуге жататын көлемін қысқартуға мүмкіндік береді. Заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес негізгі қолдау тетігі қоқыс жағатын кәсіпорындар өндірген электр энергиясын кепілді сатып алу болып табылады.

Ол жаңартылатын энергетика саласын қолдаудың қолданыстағы тетігіне ұқсас болады. Осыған байланысты, заң жобасында Экологиялық кодекс пен «Электр энергетикасы туралы» және «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заңдарға түзетулер енгізу көзделген. Заң жобасын талқылау барысында депутаттар жергілікті атқарушы органдарды қоқыс жағатын кәсіпорындарды қалдықтардың қажетті көлемімен қамтамасыз етуге міндеттейтін норманы алып тастауды; Экологиялық кодекстегі жергілікті атқарушы органдардың жер заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді қамтитын әлеуметтік инфрақұрылымды салу үшін жер учаскелерін бөлуі мәселелерін нақтылауды; қолданыстағы заңнамамен және Мәжіліс қарауындағы заң жобаларының нормаларымен үйлестіру мақсатында құқықтық коллизияларды жою туралы және басқа да ұсыныстар мен түзетулер енгізді.

Сонымен қатар, жалпы отырыста Мемлекеттік шекара туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасында өткізу пункттерінде құқық қорғау мен арнаулы органдар, прокуратура органдары қызметкерлерінің болу тәртібін регламенттейтін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңнамасын бұзудың ықтимал тәуекелдерін төмендетуге бағытталған нормалар көзделеді. Заң жобасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қажетті инженерлік-техникалық құралдарды, құрылыстар мен бөгеуіштерді орнату жөніндегі құзыреті нақтыланады. Сонымен қатар, жалпы отырыста депутаттар Сенаттың «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне енгізген түзетулерімен келісті. Бүгін Палата бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Олардың қатарында бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері туралы заң жобасы, Сондай-ақ, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы және ЕАЭО пен оған мүше мемлекеттер және Сербия арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары бар. Осылармен қатар, Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты заң жобасына түзету енгізу туралы заң жобасы бар. Жалпы отырыс соңында халық қалаулылары мемлекеттік органдардың басшыларына бірнеше депутаттық сауалдар жолдады. Олар П. Казанцев, М. Қазбекова, Ж.Ахметбеков, С. Қаныбеков. (74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі.Суретті түсірген Ж.Құспанов).

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский