РИА Новости порталының хабарлауынша, оның 31-і амбулаториялық ем қабылдап жатыр, 3-еуі ауруханадан шығарылды.
Қазір Мәскеу ауруханаларында терактіден зардап шеккен 93 адам жатыр.
Еске салсақ, Мәскеудің «Крокус Сити Холл» концерт залында теракт жасалды. «Пикник» тобының концерті басталар кезде ғимаратқа камуфляж киген бір топ қарулы адам кіріп келіп, оқ жаудырған.
Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қайғылы оқиғадан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлім етті.