«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Заңмен (бұдан әрі — Заң) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 42-бабына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес кондоминиум иелері мүлік иелері бірлестігінің немесе көппәтерлі үйдің жай серіктестігінің кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысанын таңдауға міндеттелді.
Бұл ретте аумақтық әділет органдары «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның 6-бабына сәйкес, мүлік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.
Егер бұрын жарияланған келу тəртібіндегі жиналыс кворумның болмауына байланысты өткізілмеген жағдайда, жиналыс жазбаша сұрау салу арқылы өткізіледі. Жазбаша сауалнама жүргізу жəне оның мерзімі туралы шешімді үй кеңесі қабылдайды. Жазбаша сауалнама жүргізу арқылы жиналысты ұйымдастыру үшін үй кеңесі пəтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қатарынан бастамашыл топты айқындауға құқылы. Жазбаша сауалнама жиналыс жарияланған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Мүлік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеу үшін:
- ММИБ құру жəне тіркеу бойынша жиналыс өткізу; 2. ММИБ құрамынан төрағаны 1 жылға, үй кеңесін 3 жылға жəне тексеру комиссиясын (тексерушіні) 3 жылға таңдау; 3. ММИБ Жарғысын бекіту; 4. ХҚКО арқылы мемлекеттік тіркеуге құжаттарды тапсыру:
— Белгіленген үлгідегі өтініш;
— Жиналыс хаттамасы;
— Жарғы 2 данада;
— Тіркеу алымын төлегендігін растау.
Жиналыс хаттамасында мыналар көрсетіледі:
- Көп пəтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері; 2. Дауыс беруге шығарылған мəселелер; 3. Жиналыстың өткізілетін күні, нысаны, уақыты дауыс беру мерзімі); 4. Пəтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайлардың жалпы саны; 5. Тегі, аты, əкесінің аты (егер жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), пəтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың нөмірлері көрсетіле отырып, жиналысқа қатысатын пəтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің саны; 6. Шақырылған адамдардың тегі, аты жəне əкесінің аты (егер жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе); 7. Жиналыс төрағасының, хатшысының, үй кеңесі мүшелерінің тегі, аты жəне əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе); 8. Дауыс беру нысаны мен қорытындылары; 9. Жиналыс қабылдаған шешім; 10.Жиналыс хаттамасына қосымша. Жиналыстың хаттамасына жиналыстың төрағасы, хатшысы, үй кеңесінің мүшелері қол қояды.
Жамбыл облысының Әділет департаменті Д. Сұлтанбеков