Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен полковник Байыров Есен Әлмұханбетұлы Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды. Оның кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісілді.
Байыров Есен 1974 жылғы 22 сәуірде Жезқазған облысының Ақадыр ауданында туған. 2005 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2011 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын тәмамдады. Мамандығы өрт қауіпсіздік инженері.
Құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етеді. Өз қызметін Астана қаласының Мемлекеттік өртке қарсы қызметі № 19 өрт сөндіру бөлімінің кіші инспекторы лауазымынан бастады. Қызмет атқарған жылдары әртүрлі басшылық лауазымда болған. 2020 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.
Дереккөз-ҚР ТЖМ баспасөз қызметі