Ұлы Жеңіс күні жазасын өтеушілер арасында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай жазасын өтеушілер арасында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күні сотталғандар азаматтардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында шағын концерт ұйымдастырылып, онда жазасын өтеушілер өз өнерлерін ортаға салды.
Шара барысында белсенділік танытқан сотты болғандарға мекеме әкімшілігі тарапынан мадақтамаға ие болды.