9 мамыр- Ұлы Жеңіс күні және 7 мамыр- Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ішкі істер департаментінде ҰОС және ІІО ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, ІІД басшылығының, қызмет барысында жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген ішкі істер органдары қызметкерлерінің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара ІІД бастығы полиция генерал-майоры Т.Маткеновтің, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы полиция полковнигі Ө.Смаиловтың, ІІО ардагарлерінің Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғ. Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.
ІІД бастығы полиция генерал-майоры Т.Маткенов пен ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы полиция полковнигі Ө.Смаилов ардагерлер мен ІІД жеке құрамын мерекемен құттықтады.
— ҰОС жылдары Жамбыл облысында 400 мыңнан астам адам тұрды. Соғыс майданына 120 мыңнан астам аймақ тұрғыны аттанды. Біз тарихта аты қалған, жамбылдық батырлар Бауыржан Момышұлы, Ағаділ Сухамбаев, Саду Шакиров, Александр Петров және басқа да жерлестерімізді мақтан тұтамыз.
Майданға кеткендердің жартысы өз отбасыларына оралмай, мәңгілік соғыс майданында көз жұмды. Отан үшін қаза болған батырлардың даңқы арта берсін!- деді өз сөзінде Тілеген Маткенов.
Салтанатты іс-шара барысында ІІД үздік қызметкерлері марапатталып, жас полиция қызметкерлерінің ант беру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараның екінші бөлімі Жамбыл облысы ІІД акт залында жалғасын тапты. ІІД қызметкерлері хорының орындауында жеңіс жырлары шырқалып, ІІО қызметкерлері туралы слайдтар көрсетілді.
Салтанатты іс-шара белгілі қазақстандық «Motor-Roller» тобының өнер көрсетуімен аяқталды.