• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

«Ұлы дала жорығы» республикалық бәйге-марафонының екінші күні басталды

20.09.2022
0
«Ұлы дала жорығы» республикалық бәйге-марафонының екінші күні басталды
184
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Кеше шабандоздар алғашқы 100 шақырым межені Қорғалжын ауылында аяқтап, марафонның бірінші күнін қортындылады.

Аумақтағы ауа температурасы түнде +5 ℃ шкаласына дейін төмендеп, күндіз +21 ℃- қа дейін жылиды.

Алғашқы үздік үштіктің қатарында топ жарған Маңғыстау облысының шабандоздары мәреге 7 сағат 31 минутта жетсе, бір минут айырмашылықпен Батыс Қазақстан облысының шабандоздары 7 сағат 32 минутта мәре сызығын кесіп өтті. Ал Шымкент қаласының шабандоздары белгіленген межені 7 сағат 59 минут жүріп өтіп, үшінші орыннан көрінді.

100 шақырымдық қашықтықта Астана қаласының шабандоздары мен Алматы облысының аттары жарамағандықтан жарыс жолынан шығып қалды. Одан бөлек, Ақмола облысы командасынан екі ат, Павлодар облысы жүйріктерінен бір ат межеге жете алмады.

Алғашқы күні шабандоздар шатырын тіккен маңай Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Бытығай қалашығы аталады. Ескіден жеткен аңыздарда Бытығай кесенесі тұрған орында хандар аялдайтын керуен сарай болған деседі. Аламан бәйгеге шыққан тұлпарлардың дүбірлі жарысы көзін көрген ескі жұрттың сәл-салтанатын асырды.

Төреші Жанбатыр Бекмұсаев алғашқы күн қортындысы бойынша, мәреге 17 команда келіп жеткенін атап өтті.

«Кеше уақытты ұтымды пайдаланған Маңғыстау облысы бүгін танертең бірінші боп аттанды. БҚО командасы бір минут айырмашылықпен келе жатыр. Шабандоздар ертеңгі 50 шақырымды байыппен бастап жатыр. Бір күндік меже 12 сағат деп белгіленген, 100 шақырымды командалардың алды 7 сағатта, ең соңы 9 сағат 41 минутта өтті. Өйткені аттарды сақтау керек, Жезқазғанға дейін 400 шақырым бар», — деді төреші Жанбатыр Бекмұсаев.

Төрешінің айтуынша шабандоздар Ұлытауға жеткен соң екінші ат ауысып мінуі тиіс. Ветеринарлық бақылаудан өтіп, ат ауыспас үшін арнайы чип орнатылады.

«Бұл атты ауыстырмас үшін керек. Шабандоздардың артынан ілесіп төрешілер бақылап келеді. Ветеринар бақылауы әр 50 шақырым сайын қатаң тексеріледі», — деп түсіндірді ол.

Маңғыстау облысынан келген команда мүшесі Батырбек Қамысбаев адай жылқысын ерекше мақтап, мініске шыдамды деп отыр.

«1200 шақырымды еңсеруге тек адай жылқысы төтеп бере алады. Аламан бәйге жоғары деңгейде өтіп жатыр. Біздің анау айтқандай айла-тәсіліміз жоқ, жылқының мықтылығына байланысты 1-кезеңде алға шықтық. Адай тұқымдас жылқылардың бойы аласа, сүйегі жеңіл болады. Ұзақ жерге жарамдысы осы. Жезқазғанға да осы адай жылқысын жөнелткенбіз. Айтпақшы, мәреге жеткен соң аттарды бірден суаруға болмайды. Жем-шөбіне ерекше мән береміз. Маңғыстаудан жоңышқа алдырттық. Тек соны жейді. Әрине, даланың шөбін де жей береді ғой, бірақ жоңышқа сіңімді болады», — дейді Маңғыстау облысының шабандозы Батырбек Қамысбаев.

Тарихшы Амангелді Аужанов марафонгылар орналасқан бивакқа арнайы сәлем бере келіп, Нұра өзенінің жағасында орналасқан Бытығай кесенесімен таныстырып, тарихынан сыр шертті.

«Бытығай кесенесі — Қорғалжын ауылынан 2 шақырым қашықта орналасқан Алтын Орда дәуірінің сәулет ескерткіші. Бұл жерде жалпы орта ғасырларда тек кесене емес, қала болған деп те айтады. Бұл кесененің тарихи аспектілеріне қатысты талас көп. Жалпы қазір кесене дейді. Бірақ оған негіз жоқ. Археологиялық жұмыстар жүргізілген кезде сүйек табылмаған. Жергілікті тұрғындар кесене деп атамайды. Ғимарат кірпіштері тоғызыншы ғасырға тән. Менің ойымша, Қорғалжынды Түркістан сияқты тарихи қалаға айналдыру керек. Әлі де зерттеуді қажет ететін нысандар жетерлік», — дейді тарихшы.

Сонымен, бүгін таңертең шабандоздар Ақмола облысы Қорғалжын ауылынан аттанып, келесі 50 шақырымдық бақылау бекеті — Қарағанды облысы аумағындағы Құланөтпес жазығына бет алды.

Айта кетерлігі, «Ұлы дала жорығы» қатысушылары ұйымдастырушылар тарапынан «бивак» деп аталатын шатырлы қалашықта түнеп, күніне үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Марафон-бәйгені ұйымдастырушылар – The Great Steppe Tour қоғамдық қоры мен Ұлттық спорт қауымдастығы

Үйлестіру жұмысы — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Бас серіктес — «Самрұқ-Қазына» АҚ.

Серіктес — Sportqory спортты қолдау қоры.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбыл облысының ПД бастығы бір күнін балалармен бірге өткізді

Жамбыл облысының ПД бастығы бір күнін балалармен бірге өткізді

14.06.2025
Жамбыл облысында медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Жамбыл облысында медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

13.06.2025
Қазақстан ұшақтарына Иран, Израиль және көршілес елдер үстінен ұшуға тыйым салынды

Қазақстан ұшақтарына Иран, Израиль және көршілес елдер үстінен ұшуға тыйым салынды

13.06.2025
Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

13.06.2025
Әбиба Әбужақынова дзюдодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Әбиба Әбужақынова дзюдодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

13.06.2025
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі отырысын өткізді

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі отырысын өткізді

13.06.2025
Қоғамдық қауіпсіздік – ортақ міндет: Жамбылда қылмысқа қарсы күрес жаңа серпін алды

Қоғамдық қауіпсіздік – ортақ міндет: Жамбылда қылмысқа қарсы күрес жаңа серпін алды

13.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский