Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ мемлекеттік гранттық қаржыландыру аясында “Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру” атты әлеуметтік жоба шеңберінде “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі (ары қарай — Бірлестік) “Орта білім беру ұйымдары арасында «Ұлы дала өркениеттері» байқауы өтті. Байқау ағымдағы жылдың тамыз айының 18 жұлдызында бастау алды. 18 тамызбен — 10 қыркүйек арасында байқауға қатысу үшін еліміздің түк — түкпірі 14 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаладан youthunion.kz бірлестіктің ресми сайты арқылы 138 өтінім келіп түсті. Байқау ережесі грантберушімен келісілді.
Байқау мақсаты Қазақстан халқының сабақтастығына мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрлерді жаңғырту және дамыту проблемасына, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына тартуға жәрдемдесу.
Жобаның табысты тарихының нәтижелері:
Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған республикалық «Ұлы дала өркениеттері» байқауы аясында Иван Трубицын атындағы 17 жалпы орта білім беретін мектеп — гимназиясының оқушыларымен «Жетістіктің тарихы» тақырыбында кездесулер өткен еді. Кездесулер барысында Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, «Азиялық газ құбыры» ЖШС директоры Сағынтаев Ғалымжан Таймасұлы жыл қорытындысы бойынша өте жақсы нәтиже көрсеткен «Үздік мұғалім» мен «Үздік оқушыға» өз тарапынан қаржылай сыйлықтар тағайындайтынын мәлімдеп, ұстаздар мен оқушыларға жігер беріп отыр.Жамбыл облыстық мәслихат депутаты, Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Саурықов Ерболат Байұзақұлы 11-сынып оқушыларының 2 білім алушысына 100 және 50 пайыздық өз оқу орнының ректорлық грантын бөлетінін айтып, оқушыларымызды бір серпілтіп тастаса, » Меркі ірімшік зауыты» ЖШС директоры Айтуленов Дастан Тұрсынұлы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтіп жатқан «Ең үздік оқырман» байқауына демеушілік жасайтынын айтты. Осындай мектебімізге көрсетіліп жатқан демеушіліктер «Ұлы дала өркениеттері» байқауы барысында өткен кездесулердің нәтижесінде болып отыр. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын, жастардың бойына ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыратын «Ұлы дала өркениеттері» байқауын ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!!!
Республика деңгейінде қыркүйек, қазан айларында ұйымдастырылған «Ұлы дала өркениеттері» байқауы да аяқталып, өз мәресіне жетті. Бұл байқаудың мақсаты: Қазақстан халқының ұрпақтар сабақтастығы арқылы мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту. Ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, оқушылар мен оқытушылардың арасында ұлттық идеялогияны арттыру.
Бірінші мамыр мектеп ұжымы бірлесе отырып, байқауға берілген онға жуық іс-шараның талабы мен ережесіне сәйкес жұмыстарды ұйымдастыра білді.
Нәтижесінде, Республика бойынша жарысқа қатысқан 140 жуық мектептерден Бірінші мамыр мектебі толықтай іс-шараға байланысты іріктеліп 59 мектеппен қатарласып, бой түзеді!
Ата-бабамыздан мұра болып қалған салт-дәстүрлерді ұрпақтан-ұрпаққа аманаттау, ардагер қарияларымызбен жүрекжарды кездесулер, ана тілімізді құрметтеу, қазақ жерінің көне жәдігерлері мен ұлттық құндылықтарымызды жалғастыру жұмыстары жанданды. Жүлделі орын жықпаса да, еленген еңбекке айтылған ел батасы молшылық!
Қорыта айтқанда, өткізілген рухани дүниелермен көзайым болумен қатар, нәтижелі істер де өз түйінін шеше білді. «Жетістіктің тарихы» тақырыбы бойынша ел ағасы, медицина ғылымының докторы, Төлеби ауданының Құрметті азаматы Шалқаров Сайлаубек аға мектеп оқушыларын іріктеп, медицина жұмыстарын зерттеу мен бірігіп жұмыс жасауға «Жас дәрігер» ұйымын ашуға ниет білдірді. Сондай-ақ, «Талант-табиғаттан, талап-өзіңнен» тақырыбы бойынша өнер иесі Хидиров Зафар Мамадалиевич өнер сүйер шәкірттеріне қамқорлық жасап, өнер мектебіне тегін оқуына жағдай жасады.
Ең бастысы, бірлігіміз жарасқан еліміз бен ұлттық құндылығымызды бағалайық!(С) Төле би ауданы, Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебі мұғалімі, Айдаркулова Айгүл Алтынбекқызы