Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі орта білім беру ұйымдары арасында өткізіліп жатқан “Ұлы дала өркениеттері” атты байқауына орта білім беру ұйымдары белсене қатысып жатыр.
Өткізіліп жатқан іс шаралар өскелең ұрпақты Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тартуға өз септігін тигізіп жатыр.
Шу ауданы білім бөлімінің, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі Жамбыл облысы жастар ұйымдары қауымдастығының ұйымдастырып отырған «Ұлы дала өркениеттері» байқауына қатысушылардың қатарында. Аға буын мен жасөспірімдердің арасында ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында жасалып отырған байқаудың берері мол екені анық. Бірінші бөлім «Ұлттың тілі, дәстүрі, мәдениеті – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі» тақырыбында қазыналы қарияларымызбен жастарымызды жүздестіру бағытында өткізілді. Оған аталған мектептің түлегі, ҚР Оқу ісінің үздігі, Шу ауданының құрметті азаматы, Әлем Халықтары Жазушылар одағының мүшесі Тұңғышбек Байқұлов Сейсенұлы қатысып, жастарымызбен онлайн форматта жүздесті. 1966 жылы түлек атанған білім ошағының маңдайалды азаматы мектеп қабырғасындағы қызықты естеліктерін еске түсірумен бастады. Еңбек жолын 1974 жылы бастап, 2011 жылға дейін басшылық қызметтерді абыроймен атқарған. Қаламынан туған қарымды еңбектері ұлт үшін үлесі жоғары. «Халық педагогикасын оқу-тәрбие жұмысында пайдаланудың кейбір мәселелері», «Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық», «Белая ворона», «Қазақы тәрбие» және т.б еңбектері мемлекеттік деңгейде жоғары бағалануда. Тұңғышбек Сейсенұлы жастарға «мотивация» емес, ЖАЛЫН берді.
Ел қариясы — ел қазынасы, дегендей Керімбай атындағы 12мектеп гимназияның 8 « В» білім алушылары және сынып жетекшісі Гульмира Леспекқызымен қаламыздың қақ ортасында орналасқан «Ардагерлер үйіне» барып қарияларымыздың жағдайын сұрап, “Батамен ел көгерер”, демекші баталарын алып қайттық. Бізді Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Дәулетбаев қарсы алып, төраға Оңласын Қарабайұлы атамызбен бірге «Ардагерлер үйін» таныстырып, көрген – білгендерін айтып ақылдарымен бөлісті. Бойымызға патриоттық сезім мен көп мағлұматтар сіңірдік. Қарияларымыз Керімбай атындағы 12мектеп гимназияның басшысы М.Ж.Тұрысбекке және ұжымға алғыстарын жаудырып, ізгі тілектерін білдірді.
Ә.Молдағұлова атындағы #28орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сарбасова Арай және музыка пәнінің мұғалімі Байтумаева Арай «Ұлы дала өркениеттері» атты республикалық байқауының «Нағыз Қазақ Қазақ Емес,Нағыз Қазақ Домбыра»атты флешмобы аясында қоғамдық орындарда күй тартып, халықтың алғысын алды.
Байқауға “Орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін «Ұлы дала өркениеттері» атты байқауы аясында 138 білім беру ұйымы өтінім берді. Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды. Сыйлықақы бағалау талаптарына сай ең жоғары ұпай жинаған үш ұйымға беріледі. І орынға бір миллион теңге, ІІ орынға бес жүз мың теңге, ІІІ орынға үш жүз мың теңге қарастырылған.