• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Азаматтық қоғам институттары

“Ұлы дала өркениеттері” атты байқауы: Жәдігерлер сыр шертеді

18.10.2021
0
“Ұлы дала өркениеттері” атты байқауы:  Жәдігерлер сыр шертеді
257
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі орта білім беру ұйымдары арасында өткізіліп жатқан “Ұлы дала өркениеттері” атты байқауына орта білім беру ұйымдары белсене қатысып жатыр.

Өткізіліп жатқан іс шаралар өскелең ұрпақты  Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тартуға өз септігін тигізіп жатыр.

«Жамбыл облысы жастары ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған «Ұлы дала өркениеттері» байқауының аясындағы «Жәдігерлер сыр шертеді» бейнетаныстырылымы. Кердері руының «Ақмешіт» қорымы.
Ата-баба қанымен, ананың ақ сүтімен дарыған салт-дәстүрлеріміздің, адамгершілігі мол қазақи тәрбиеміздің, санамыздың өміршеңдігі, мықтылығы дәлелдеуді қажет етпейді. Аллаға шүкір, майысса да сынбай, санамызға сіңген төл салт – дәстүрлеріміз ғасырдан — ғасырға өтіп, ұлтымыздың өзіне тән ерекшелігін сақтап, ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып, өмір сүріп келеді.Ата-баба рухын бойына сіңіріп, келер ұрпақты рухани мәңгүрттіктен сақтаудағы тарихи жәдігерлер мен киелі жерлердің маңызы өте зор. Сондай қасиетті орындардың бірі – Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлінің жағалауындағы Аңқаты ауылдық округіне қарасты Ерсары елді мекеніне жақын жерде орналасқан Ақмешіт қорымы.
Бізге жеткен мәліметтерге зер салсақ, бұл жерде ғасырлар бойы биік мешіт болған. «Ойлы жерден тұрғызылған мешіттің мұнарасына шықсаң, 90 шақырым жерде орналасқан Орал қаласы көрініп, таңғы шақырған азаны 50 шақырым жердегі Бекейге естілетін еді» деген естеліктерін көнекөз қариялар айтып отырушы еді. Осыған ұқсас кең тараған аңыз әңгімелер, археологиялық зерттеулер сол мәліметтердің растығын дәлелдеуде. Алайда өлкедегі мұсылман халықтың тарыдай шашылып кетпеуінен сақтап, қандай рудың баласы болса да түбі бір мұсылман екендіктерін таңғы азанда естеріне салып, беттерін сипатып, рухани күш-қайрат беріп, бұл дүниеде бар екендіктеріне «тәубә» дегізіп, мұсылмандарға имандылық жолында бағыт-бағдар беру — мешіттің ұлы қызметі, миссиясы болғаны ақиқат. 2015 жылы Орал қаласында «DANAkaz» тарихи – тағылымдық журналының баспасында жарық көрген «16 әулие Кердері немесе Ақмешіт қорымы» кітапшасындағы көне әріптермен жазылған құлпытастардың тарихы көрсетілген. Ақмешіт Кеңес Үкіметінің пәрменімен бұзылған, құлатылған. Кеңес Үкіметі кезінде Ақмешіттің халқының мал — мүліктері тәркіленіп, үкімет қудалауына ұшыраған. Мешіт тастары құрылыс материалдары ретінде қарастырылып, сол маңдағы балық өндірісі, дүкен, мектеп, басқарма ғимараттарын салуға пайдаланылған. «Мешіт тастарын алғаш болып бұзған кісінің бет – аузы қисайып кетті» деген аңыз әңгімелер де бар. «Осы зираттарға қастандық жасаған адам оңбайды» деген пікір санада берік орнағандықтан, тарихи құлпытастар бүгінгі дейін сақталып келген.Бұл қорымдағы тарихи ескерткіштер «Ақмешіт» деген киелі ұғымды сақтап, жас ұрпаққа аманаттап жеткізген, жер қойнауындағы аруақтарға қойылған тас белгілер еді.
Осы ашық аспан астында қараусыз қалған тарихи жәдігерлердің сақталуына, сол жердегі жерленген хазіреттердің жоқтаушысы болып, бұзылып қалған мешіттің қорғаушысы, шырақшысы ретінде жұмыстанған Қажғалиев Жолдығали Фазылұлы, Ниязов Қобланды Кеңесұлы сияқты жанашыр жандардың еңбегі зор.
«Зират айналасына мал келмесін» деген оймен айналасына ор қаздыртып, мінәжат қылушыларға арнап үй тұрғызды.

Қасиетті мешіттерімізді қиратып, ұлы тұлғаларымызды жойып, рухани тамырымыздан аластатқан коммунизм жүйесінің құрдымға кеткеніне, тәуелсіздік алғанымызға отыз жыл болды.Ғасырлар бойы басқа ұлтқа жалтақтап қалған қазақ санасы да қайта түлеп, тәуелсіз жаңа ұрпақ дүниеге келді. Ұлт үшін бұдан асқан не арман бар? Ең бастысы, ешкімге жалтақтамай, өзіңнің рухани құндылықтарыңды мақтан қылып айта алатын болып, сол құндылықтар арқылы ұрпағыңды тәрбиелеуге мүмкіндік берілгенін айтсаңшы! «Біз тәуелсіз елміз, ашық қоғамбыз» деп жариялауымыз сол — ақ екен, жаҺандану үрдісі кеңінен тарап, басқа елдің мәдениетіне еліктеу басталды.Бұндай кездерде қандай халыққа болса да өз ерекшеліктерінен айырылып қалу қаупі төнетіні белгілі. Міне осы тұстарда бабаларымыздың аруақтары жерленген Ақмешіттей киелі жерлер ғана рухыңды түсірмеуге бірден — бір күш береді. Киелі орын – өлшеусіз дүние. Тарихи ескерткіш — нарықтың заңына байланысты бағасы құбылып тұратын тұрақсыз материалдық байлық емес. Бұл — рухани құндылық.Рухани құндылық еш уақытта құнсызданбайды. Қайта уақыт өткен сайын асқар таудай биіктеп, өлшеусіз дүниеге айналатыны ақиқат. Бұған дәлел — сонау бір ғасыр бұрын материалдық тұрғыда көзден жойылған Ақмешіттің рухы өшпей, бүгінгі таңда мұсылман балаларына қасиетті қызметін жаңа заман талабына сай жаңғыртып, жалғастырып жатқаны.Қазіргі таңда Ақмешітке ел тұрғындары барып, садақаларын беріп, Аллаға мінәжат қылып тұрады. 2016 жылдың сәуір айында Жолдығали ағамыздың ұйымдастыруымен Ақмешітке Кердері руы өкілдері көптеп жиналды. Ата — баба рухына бағыттап ас берілген. Келгендердің арасында Кеңес үкіметін орнату кезінде мал — мүліктері тәркіленіп, үкімет қудалануына ұшырап, Ресей еліне қоныс аударуға тағдыр жазған Ақмешіт Кердерілерінің ұрпақтары да болды. Ақмешіт қорымы — жеке бір ру өкілдерінің құндылығы емес, барша қазақ халқының тарихының рухани асыл қазынасы. Бейнетаныстырылымды баяндаған: 11-сынып оқушысы Жүсіп Ақжол Есмағзомұлы.
Жетекшісі: Кулбаев Ербол Айтбай
Орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін «Ұлы Дала Өркениеттері» атты байқауының кезекті іс — шарасы «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» флешмоб — акциясы өткізілді. Іс — шараға бастауыш сынып оқушылары мен жоғары сынып оқушылары ат салысты.
Мақсаты ұлттық аспабымыз домбыраны насихаттау, балаларды өнерге баулу, өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жаңашыр болуға тарту.

Байқауға “Орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін «Ұлы дала өркениеттері» атты байқауы аясында 138 білім беру ұйымы өтінім берді. Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды. Сыйлықақы бағалау талаптарына сай ең жоғары ұпай жинаған үш ұйымға беріледі. І орынға бір миллион теңге, ІІ орынға бес жүз мың теңге, ІІІ орынға үш жүз мың теңге қарастырылған.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
«Миссия невыполнима» актеры Астанаға келмек

«Миссия невыполнима» актеры Астанаға келмек

30.06.2025
Ауыл шаруашылығы санағына дайындық аясындағы листинг кезеңі аяқталды

Ауыл шаруашылығы санағына дайындық аясындағы листинг кезеңі аяқталды

30.06.2025
Жамбыл мен Павлодар облыстары бірігіп педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттырмақ

Жамбыл мен Павлодар облыстары бірігіп педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттырмақ

30.06.2025
1,5 миллиард теңге ұрлады: Перизат Қайрат қамалды

Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс Астана сотына жіберілді

30.06.2025
«Қажымұқан» фильмі Италиядағы фестивальда бірнеше жүлде алды

«Қажымұқан» фильмі Италиядағы фестивальда бірнеше жүлде алды

30.06.2025
Президент құқық қорғау жүйесін және әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған заңға қол қойды

Президент құқық қорғау жүйесін және әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған заңға қол қойды

30.06.2025
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

Тоқаев «Антикорды» ҰҚК қарамағына біріктірді

30.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты