Ұлттық банктің мәліметінше, 2024 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша Ұлттық қордың валюталық активтері 58,8 млрд долларды құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қордың инвестициялық кірісі — 4,6 млрд доллар (7,6 %), құрылған сәттен бастап жинақталған кірістілік-жылына 3,55%.
Отырыста Ұлттық Банк Басқармасы валюталық реттеу жөніндегі бірнеше құқықтық актілерге өзгерістер енгізді:
- Екінші деңгейдегі банктер тапсыратын валюталық операциялар бойынша есептілікті ұсыну мерзімдері қысқартылды;
- қаржылық бақылауға жататын операциялардың тізімін кеңейтті, өйткені олар заңнан жалтаруды көрсетуі мүмкін;
- айырбастау пункттерінде спрэдтің (валютаны сату және сатып алу бағамдарының арасындағы айырма) шегі белгіленді — доллар үшін жеті теңге, еуро үшін он теңге.