«Ұлттар өнері өңірімізді өркендетеді» атты дөңгелек үстел өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының тапсырысы бойынша «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі «Тұрғындар арасында өзге ұлттардың көркемөнерін насихаттау» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасы шеңберінде ағымдағы жылдың 30 қараша күні Сарысу ауданы Жаңатас қаласы Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінде «Ұлттар өнері өңірімізді өркендетеді» тақырыбында мектеп оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің белсенділері, аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты. Дөңгелек үстелге арнайы қонақ ретінде Тараз қалалық «SANA» көшбасшылар мектебінің коучері Өмірбеков Данияр Маратұлы және Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Қадралиев Айбек Амансейітұлы арнайы шақырылды. Іс-шара барысында Д.Өмірбеков қатысушыларға әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, ұлттық мәдениеті, өнері болатындығын атап өтіп, ұлттар арасында татулықты нығайтудың қаншалықты маңызды екендігін түсіндіріп өтті. Іс-шара барысында А.Қадралиев еліміздің көп ұлтты мемлекет екендігін сөзге тие кетіп, 130-дан астам ұлт өкілдері бүгінгі күнге дейін татулықта өмір сүруде, ендігі кезекте бүгінгі жастар сол татулықты ары қарай сақтап қалу біздің міндетіміз екенін атап өтті. Сонымен қатар Д.Маратұлы және А.Қадралиев қатысушыларының көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап беріп өтті.
Іс-шара барысында дөңгелек үстел қатысушыларына бірлестік тапынан арнайы дайындалған бүктеме қағаздары үйлестіріліп берілді. Сонымен қатар іс-шара қатсышыларына кері байланыс, салаунама парақтары таратылып, қатысушылардың кездесуге деген пікірлері мен ұсыныстары жинақталды.