Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарларына оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға әдістемелік көмек беру мақсатында «2021-2022 оқу жылының және Үлгілік оқу жоспарларының ерекшеліктері» атты облыстық вебинар өтті.
Облыстық вебинар жұмысына Ыбырай Алтынсарин атындағы ҰБА-ның жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к. Жұмағұлова Зәуре Әбдікенқызы, аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп директорлары, директорлардың орынбасарлары, барлығы 639 адам қатысты.
Сондай-ақ вебинар барысында биылғы оқу жылында оқу процесінде екі үлгілік оқу жоспары қолданылатыны түсіндіріліп, оқу жүктемесіндегі биылғы басты ерекшеліктер бойынша мектеп басшыларына ақпараттық-әдістемелік көмектер берілді.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы