• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 14:00
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Әлеуметтік саладағы ведомстволардың, жұмысындағы олқылықтар бүкіл Үкіметтің отставкаға кетуіне әкеп соқтырды

turan_admin turan_admin
25.02.2019, 21:20
Қазақстан жаңалықтары
Жұмысың жаман — Назарбаев Ақышевқа ескерту жасады
649
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің депутаттарына арналған сөзінде бұрынғы Үкіметтің жаһандық дамудың күрделі жағдайына қарамастан экономиканың өсімін сақтауға күш салғанын атап өтіп, Үкімет мүшелеріне атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді.

– Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев туралы арнайы айтқым келеді. Ол бұған дейін Павлодар облысының әкімі, экономика министрі, вице-премьер, бірінші вице-премьер лауазымдарын лайықты атқарып, өзін жақсы қырынан көрсетті. Бақытжан Сағынтаев – адал әрі тәжірибелі азамат. Ол басқа да салаларда қызмет ете алады. Бірақ, жекелеген министрліктердің, әсіресе әлеуметтік саладағы ведомстволардың, жұмысындағы олқылықтар бүкіл Үкіметтің отставкаға кетуіне әкеп соқтырды, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық аренадағы тұрақсыздық пен санкциялық текетірестер еліміздің әл-ауқатын нығайту үшін тың шаралар мен шешімдер қабылдауды талап ететінін айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жүргізілген саяси жаңғырудың нәтижелеріне тоқталып, оның аясында билік тармақтары арасында өкілеттіктердің қайта бөлінгенін атап өтті.

– Үкімет өзіне қажетті құзыреттің бәрін алды. Енді, халық алдындағы міндеттерін мінсіз атқарып, өз қызметі үшін жауапты болуға тиіс. Мұндай жауапкершілік әлеуметтік және экономикалық бағдарламалардың тиімділігіне тікелей жауап беретін түрлі деңгейдегі әкімдерге де жүктеледі. Олар тұрғындардың арыз-шағымдарына жедел жауап беріп, ең бастысы, тиісті шаралар қабылдауы қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы Парламенттің әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру ісіндегі рөліне тоқталды.

– Әңгіме заң жобаларын сапалы әзірлеу ғана емес, сондай-ақ маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру жөнінде болып отыр. Бұл парламенттік мониторингті тұрақты жүргізу, үкіметтік емес сектордың қатысуымен диалог алаңдарын құру, халыққа қабылданып жатқан мемлекеттік, соның ішінде заңнамалық шаралардың мәнін түсіндіру мәселелеріне де қатысты, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы жаңа Үкіметтің мемлекеттік бағдарламаларды одан әрі жүзеге асыруға, құқық қорғау және сот жүйесіндегі реформаларды аяғына дейін жеткізуге, тұрғындардың проблемаларын нақты шешуге тиіс екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 44-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Асқар Маминнің кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынды.

– Ол жұмыс істеген жылдары өзіне сеніп тапсырылған қызметтерде нақты нәтижелерге қол жеткізді. Асқар Ұзақбайұлы өзін тәжірибелі менеджер ретінде көрсетті. Жаңа Үкіметтің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін Асқар Ұзақбайұлы Маминнің кандидатурасын лайықты деп санаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Парламент Мәжілісінің депутаттары Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Пленарлық отырыс барысында Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы тиісті жарлыққа қол қойды.

Елбасы әлеуметтік саясатымыздың негізгі басымдықтары жөнінде айтып, индустриялық бағдарламаны орындау барысында отандық өндірісті дамыту қажеттігіне назар аударды.

akorda.kz

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50
Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33
Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30
Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.