Бүгін Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар топтамасын ұйымдастыру» атты әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі Үшарал, Қызыләуіт және Ақкөл ауылдарында «Дәстүрлі діни құндылықтар мен рухани тәрбие сабақтастығы» атты кездесулер өтті. Кездесуге республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, Мысырдың «Әл-Әзхәр» университетінің түлегі, «Һибатулла Тарази» медресесінің директоры орынбасары, ұстаз Нұралы Бақытұлы арнайы лектор болды.
— «Дәстүрлі дінімізде әке-шешеге, қазақтың салт-дәстүріне қарсы шығу мәселелері жоқ. Үлкен сыйлау, кішіге ізет көрсету, мемлекеттіміздің тыныштығына қызмет жасау біздің бүгінгі таңдағы міндетіміз. Сыртта отырып алып, Қазақстан жерін Мысыр, Ливия жеріндегі болған дүрбелеңді көздейді. Ол бізге қажет пе? Әрине қажет емес. Шыны керек, Мысырда Елбасыларына қарсы шыққан кезде сол мемлекетте оқуда болдым. Бәрің жаман деп айтты. Ел басқарушыларын алып тастады. Экономикалары құлдырап, кедей адамдар көбейіп кетті. Енді олардың көздері жетті көтеріліспен ештенке шешу алмайды. Тыныштық болған жерде ырыс болады, береке болады экономика дамиды. Сондықтан Тәуелсіздігімізді бағалай білейік!» — деп баяндады Нұралы Бақытұлы.
Айта кетерлігі, Талас ауданындағы кездесулер бұнымен шектеліп қалмай, басқа да ауылдарда кездесулер өткізілетін болады.
TURANINFO.KZ