Депутат Қазыбек Иса мәжіліс отырысында елдегі маңызды мәселелердің бірі қазақ тілі мәртебесін көтерді.
Депутаттың айытуынша, Конституцияның 7-бабына өзгеріс енгізетін уақыт келді.
Бұл сауалын ол Әлихан Смайыловқа жолдады.
Қазір халықты біріктіретін идеологиямыз — мемлекеттік тіліміз болуы керек. Мұны елдегі барлық этностар да қолдап отыр. Дегенмен бізде 30 жылдан бері «Мемлекеттік тіл» туралы заң жоқ. Конституциядағы 7-бапты өзгертіп, «қазақ тілі — мемлекеттік тіл» деген жеке дара статусын айқындау қажет. Қазақ тілін міндеттейтін заң қабылдау үшін тағы 30 жыл үшінші Президентті күту керек пе? — деп сауал тастады депутат.
Дереккөз-“Адырна” ұлттық порталы