“Медициналық-санитарлық алғашқы көмек инновациялары” тақырыбындағы Халықаралық конгресс бойынша жиналған делегация өкілдері Меркі ауданында ашылған алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша үздік тәжірибе орталығында болды деп хабарлайды TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі сілтеме жасап.
«Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді медицина» Ұлттық жобасын және халық денсаулығы мүддесінде әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын сақтау жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының саясатының стратегиялық міндеттерін іске асыру шеңберінде және алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарын, оның ішінде психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді жаңа технологияларға оқыту бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетуге елеулі үлес қосқан «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығымен белсенді ынтымақтастығының арқасында Меркі аудандық орталық ауруханасының базасында мамандардың мультидисциплинарлық командасымен ашылған және еліміз бойынша “Үздік тәжірибе орталығы” болып саналған мекемеге барған шет елден және еліміздің басқа да емдеу орындарынан келген қонақтар жоғары баға берді.
Осыдан бір жыл бұрын оның салтанатты ашылуына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Еуропалық орталығының басшысы Мелитта Якаб пен техникалық кеңесші Арнольдас Юргутис, «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының өкілдері Төлебай Рахыпбеков аталмыш мекеменің еліміз бойынша үлгі көрсететін алғашқы тәжірибелік орталық боларын айтқан еді. Себебі, тек емдеу ісімен емес, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауырғаннан ауырмаудың алдын-алуға арналатын орынның сала үшін маңыздылығы зор екендігіне мән берген болатын. Бір жылдың ішінде емдеу орны өзін жоғары жетістіктер биігінен көрсете білді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде орналасқан Меркі ауданы 1928 жылы құрылған. Аумағы 7,1 мың шаршы км. 45 елді мекен 14 ауылдық округке біріктірілген. Тұрғындар саны — 90 мыңға жуық. Онда қазақтардан бөлек, түрік, орыс, әзербайжан және өзбек ұлттары татулықта өмір сүреді.
Орталық барлық жастағы адамдардың денсаулығы үшін маңызды бағыттарды қамтиды. Олар: мамандардың кәсіби құзыреттері мен тұрғындардың денсаулығы үшін жауапкершілігін қалыптастыру, медициналық көмектің және халықтың өмір сүру сапасын арттыру, пациенттердің қанағаттануын жақсарту. Бұл, әсіресе, COVID-19 пандемиясының өршуі мен таралуына байланысты соңғы жаһандық өзгерістер аясында өзекті болып отыр. Өйткені, жақсы денсаулық, медициналық сауаттылық, салауатты өмір салтын ұстану – елдің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығының құнды ресурсы және көзі болып табылады.
Тұрғындарға жедел медициналық көмек көрсету: жүрек-өкпе реанимациясы, жарақаттар мен қан кетулер, жедел ми қан айналымының бұзылыстары мен құрысу кезіндегі алғашқы көмекті көрсету бойынша (парамедик) оқыту орталығының ашылуы және медицина қызметкерлері үшін, шалғай ауылдардағы дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік – акушерлік пунктерде ана мен бала өлімі, жарақаттар кезіндегі өлім-жітімді азайту, бала жасындағы ауруларды ықпалдастыру және өмірге қауіп төнген жағдайдағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы, жарақаттар мен қан кетулер кезіндегі шұғыл көмек, жүктілік және босанғаннан кейінгі кезеңдердің асқынуы кезіндегі алғашқы көмек, патронаждың әмбебап – прогрессивті моделін жүргізу, отбасын жоспарлау, дені сау ұрпақ тәрбиелеу бойынша жаттықтыру орталығының ашылуы халық саулығына, аудан тұрғындарының кез-келген уақытта білікті және қолжетімді көмек алуы үшін берілген кепілдік.
Меркі ауданындағы үздік тәжірибе орталығының аудан азаматтарына кез-келген шұғыл жағдайда алғашқы көмекті көрсете білуі, әлеуметттік жағдайға және дені сау адамның өз саулығын сақтауға бағытталған медцицина, сапалы өмір мен өмір сүру жасын ұлғайтуға тигізер септігі орасан.