2019 жылдың мамыр айының 16-сы жұлдызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Қостанай қаласында Қазақстан -Ресей жастар ынтымақтастық форумы өткізілді.Форумға Ресей мемлекетінен 200 ерікті жастар, Қазақстаннан 800 жас еріктілер қатысты, солардың арасында №9 Меркі колледжінің»Тамақтандыруды ұйымдастыру» тобының 3 курс студенті Мәуленова Арай Оңғарбай қызы бар. 18.11.2019 жылы Облыстық жастар саясатының ұйымдастыруымен өткен » VII Облыстық студенттік балл-2019″ атты іс-шарасына №9 Меркі колледжінің белсенді студенттері Агакерім Рузвана және Медетбаев Ербол қатысты. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым -Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес «Халық Алғысы» мерекелік медалімен №9 Меркі колледжінің 3 курс студенті Агакерім Рузвана «Волонтер — 2020» бағдарламасында белсенділік танытқаны үшін марапатталды. Сонымен қатар «Үздік жоба» байқауының жеңімпазы Рузвана өз жобасын ұсынып, 300000 теңге көлеміндегі грантын ұтып алды.