Кітапханаға Дінмұхамед Қонаев есімі берілді
Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі берілді.
Осыған орай Тараз қаласының зиялы қауым өкілдері және «Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы – жастар саясатының әлеуеті» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылары кітапхананың «Дәуір данасы» атты тұсаукесеріне қатысты. Қаламыздағы Дінмұхамед Қонаев көшесінде орналасқан заңғар тұлғаның ескерткішіне гүл қою рəсімінен басталған шарада қазақтың белгілі ақын қызы Үміт Битенова, Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы Амангелді Карентаев сөз сөйледі. Нұрғиса Тілендиевтің Д.Қонаевқа ән арнамақ болғандағы шығарылған «Өз елім» әні облыстық филармониясының әншісі Жанатбек Қадыров орындады.
Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облыстық Д.А.Қонаев атындағы қорының төрағасы Аманбай Əлсейіт ұлы тұлғаның 105 жылдығына арнайы шығарылған мерекелік медальын Дінмұхамед атамыздың өмірін, қызметін, жасаған ірі істерін дəріптеп, зерттеген белгілі облыс азаматтарына тақты. Жиналған көпшілікке Д.А.Қонаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Шын аты оның – тектілік пен тазалық» кітап көрмесі ұсынылды.
Арайлы Жақсылық