• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛЫП, АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

24.08.2021
0
ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛЫП, АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН
116
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы Тексеру комиссиясы бүгінгі таңда ҚР «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 13, 29 бабтарына және бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелеріне сәйкес, 13 мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізген. Оның ішінде мемлекеттік аудит іс-шаралары — 4, сараптамалық-талдау іс-шаралары — 9. 37 мемлекеттік аудит объектісінде жоспарлы аудиторлық іс-шаралары жүргізілген, оның ішінде 35 мемлекеттік мекеме,  2 квази-мемлекеттік сектор субъектілері. Жыл басынан жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижесінде 125 бірлікті құрайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар және аудитпен қамтылған қаражаттың сомасынан 13,1%-ды құрайтын 6 500 840,9 мың теңгенің бұзушылықтары анықталған. Анықталған бұзушылықтардың ішінде қалпына келтірілуге және өтелуге жататыны 6 403 837,9 мың теңге, анықталған бұзушылықтар сомасынан 98,5%  Оның ішінде өтелуге жататыны 23 085,0 мың теңге, қалпына келтірілуге жататыны 6 380 752,9 мың теңге. Бүгінгі таңда қалпына келтірілуге және өтелуге жататын 6 403 837,9 мың теңгенің 862 967,2 мың теңгесі немесе 13,4% қалпына келтірілген және өтелген. Оның ішінде: 15 108,4 мың теңге бюджет кірісіне өтеліп, 847 858,8 мың теңгесі қалпына келтірілген. Айырмасы болып табылатын 5 540 870,7 мың теңге немесе 86,6 пайызы жолданған нұсқамалардың белгіленген орындалу мерзімдері келгенде орындалады деп күтілуде. Лауазымды тұлғалардың тарапынан заңсыз іс-әрекеттердің орын алуына байланысты процессуалдық шешім қабылдау үшін 3 материал құқық қорғау органына, атап айтқанда: Қазақстан Республикасы қаржы мониторингі агентігінің Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне 1 материал, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментіне 2 материал жолданған. Жамбыл облысы бойынша ЭТД-ның ақпаратына сәйкес жолданған 1 материал қылмыстық іске қосылған. Ал, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментіне жолданған 2 материал қаралу үстінде. Аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік аудит объектілерінің 35 қызметшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 42 қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 254,0 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

Лауазымды тұлғалардың тарапынан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Бухгалтерлік есеп туралы» Заңнама талаптары бұзылғандықтан, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 124 материал әкімшілік шара қолдану үшін Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданып, нәтижесінде 94 материал бойынша жалпы сомасы 7 223,4 мың теңге айыппұл салынған, 28 материал қаралу үстінде, 2 материал бойынша әкімшілік шара қолдану мерзімі өтуіне байланысты шара қолданылмаған.Сондай-ақ, Тексеру комиссиясының өз құзыреті шеңберінде берген заңды талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін 1 материал сот органына жолданып, 30,6 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, құрылыс барысында бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдердің дәл орындалуын қамтамасыз етпегені үшін, авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асырған тұлғалардың жауапкершілігін қарау үшін, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 24 материал жолданған. Жалпы жүргізілген мемлекеттік аудит іс-шараларының қорытындылары бойынша бүгінгі таңда Тексеру комиссиясының 9 қаулысы қабылданған. һАудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және  кемшіліктерге жол берген лауазымды қызметкерлердің жауапкершілігін қарау жөнінде мемлекеттік аудит объектілеріне 16 нұсқама жолданған. Аудиторлық қорытындыларға және нұсқамаларға сәйкес, мемлекеттік аудит объектілеріне 117 тапсырмалық және ұсынымдық тармақтар берілген. Несие шарты бойынша қабылданған міндеттемелері тиісінше орындалмаған, түпкілікті қарыз алушылардың алған несиелерін мақсатына сай пайдалану бойынша тексеру жүргізілмеген, түпкілікті несие алушының тарапынан сатып алынған негізгі құралдары қолданылмай, бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған. Құрылыс монтаждау жұмыстары сапасыз орындалған немесе толық орындалмаған. Мердігерлер тараптарынан жұмыстарды белгіленген мерзімде орындамағандары үшін тиісті өсімпұл есептелмеген, мердігерлер келісім шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған үшін жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінбеген. Мемлекеттік сатып алу келісім шарты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған. Жаңадан соғылған құрылыс объектілері кіріске алынбай шығындар ретінде есептен шығарылған және негізгі құралдардың амортизациялары есептелмеген.

Мемлекеттік аудит және сараптамалық — талдау іс-шараларының нәтижесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері де бар. Бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алуы негізінен мемлекеттік аудит объектілері жауапты тұлғаларының тарапынан нормативтік-құқықтық актілері талаптарын өз деңгейінде білмеуі және мемлекеттік аудит объектілері басшыларының тарапынан қадағалаудың жеткілікті деңгейде болмауы, бюджеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдалануын, өтелуі мен оларға қызмет көрсетілуін бақылауда ұстамау, мониторингті жүзеге асырмау және өзіне қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамау, сондай-ақ мамандар мен бухгалтерлік қызметшілердің кәсіби деңгейінің төмендігінен орын алған.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

Тегтер: бақылаудепартаментжобаМемлекетсараптаматалдауэкономика
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Конституцияның құқықтық мемлекеттегі рөлі

Конституцияның құқықтық мемлекеттегі рөлі

20.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

20.05.2025
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты