Шу қаласының тұрғыны, сол кезде Шу қаласының әкімі Бақытжан Тұрғынбаевтың хатшысы болып жұмыс істеген Жанар Каршигабекова 2017 жылдың басынан бастап мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алуға қол жеткізуге көмек беремін деп ақшалай қаражат алып, кейбіреулеріне қарыз алдым деп қолхат жазып беріп нотариус арқылы тіркеуден қарызға алғаны туралы нотариалды түрде келісім шарт рәсімдеп бес жүз мың теңге алған.
Ж.М.Каршигабекова Шу қаласының әкімі Б.М.Тургунбаевтың 5 қаңтар 2011 жылғы №1 өкімімен Шу қаласы әкімі аппаратына хатшы болып тағайындалып, 25 маусым 2018 жылғы №95ө ж/қ қала әкімі өкімімен өз еркімен қызметінен босатылған. Алайда, Ж.М.Каршигабекова 2017 жылдың ақпан айынан бастап, 2018 жылдың тамыз айынын аралығында қасақана пайдакүнемдік мақсатында қылмыстық жолға түсіп, Шу қаласында бөтеннің мүлкін жымқыру жолында меншікке қарсы алаяқтық жолмен бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған.
Шу ауданы сотының судьясы Ернар Жаманқұловтың үкімімен айыпталушы Жанар Каршигабекованы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1) тармағымен кінәлі деп танылсын, оған осы баппен 3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сотталған Ж.М.Каршигабековаға жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеуге белгіленсін. Сотталған Ж.М.Каршигабекованың жаза өтеу мерзімі 23.08.2018 жылдан бастап есептелсін. Сотталған Ж.М.Каршигабековаға қатысты қолданылған «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы бұрынғыша қалдырылсын. Зардап шеккен жиырма бес адамға барлығы 17 357 500 теңге қайтарып беруі тиіс.
Айта кетерлігі, осы іс бойынша Шу қаласының әкімі Бақытжан Тұрғынбаев куәгер ретінде өтіпті. Бірақ сотталушы Жанар Каршигабекова әкім туралы бір жерде айтып көрсеткен. Дәлелі таппады. Бірақ өзінің қол астындағы тікелей бақылауындағы адамның алаяқтық жолмен ақша алу фактілеріне тікелей қатысы анықталмаса да, мемлекеттік қызметшінің әдебіне сай әкімнің қызметтік лауазымына сәйкестігін қарау керектігін жөн санаймыз.
Сот үкімі күшіне енді
TURANINFO.KZ