Жамбыл облыстық прокуратурасына Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімі Олжас Қаржауовқа қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары туралы сұрау хат жолданған болатын.
Сұрау хаттың жауабы:
Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362 — бабының 4 — бөлігі 3 — тармағымен «Әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорация «Тараз» АҚ — ның бұрынғы басшысы, қазіргі таңда Жуалы ауданының әкімі О.Е.Қаржауовқа және басқада тұлғаларға қатысты №21000013100063 сотка дейінгі тергеп — тексеру жүргізіліп жатқаны туралы хабарлаймын. ҚР ҚПК — нің 201 — бабының талаптарына сәйкес, қалған ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жариялануға жатпайтыны туралы ескертемін .
Айта кетерлігі, «Время» газеті редакциясының қарамағында Жамбыл облысының тұрғындарына мал сатып алуға жеңілдікті несие бөлуге байланысты сотқа дейінгі тергеу материалдары болды. Рас, тергеу нұсқасы бойынша, жақсы мақсаттарға бағытталған 78 миллион теңге қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұрланған, ал тағы 50 миллионды «Тараз»ӘКК басшылығымен байланысты компания алған.
Олжас Есалханұлы 2021 жылдың наурыз айынан бастап Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімі болып тағайындалды.
TURANINFO.KZ