• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Азаматтық қоғам институттары

Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну

Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранттық қаржыландыру негізінде "Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы" заңды тұлғалар бірлестігі "Jambyl Civil Hub" жобасы аясында әзірленді

05.11.2024
0
Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну
84
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жайлы Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына есептілік тапсыруға міндетті болып табылады, осы есептілікті тапсырудағы негізгі мәлімет пен тапсыру үлгісі төменірек көрсетілетін болады.

      Үкіметтік емес ұйым – ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда);

     Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры  – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор.

Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну тәртібі

       Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері жөніндегі мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға  сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын 31 наурызға дейін электрондық түрде (infonpo.gov.kz) веб-портал арқылы ұсынады.  Есепті кезең Дерекқорға мәліметтер ұсыну жылының алдындағы күнтізбелік жылы болып табылады. Есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кейін ұсынылған мәліметтер уақтылы емес болып табылады.

      Уәкілетті органға ұсынылатын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер, заңды тұлғаға берілген электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

      Сонымен қатар 1-қосымшаның 1-кестесінің I, II және VII бөлімдерінде көзделген үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, үкіметтік емес ұйымдар өзгертілген мәліметтерді уәкілетті органға қазақ және орыс тілдерінде «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқоры» веб-порталы арқылы электрондық түрде осындай өзгерістер пайда болған күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде уәкілетті органға ұсынады.

     «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабына сәйкес есепті кезең басталғанға дейін салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған және есепті кезең ішінде қызметін қайта бастамаған, сондай-ақ есепті кезеңнен кейін тіркелген үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметтерді Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына бермейді.

Үкіметтік емес ұйымдар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі.

    Қағидаға сәйкес мәліметті толық ұсыну, бұл барлық кестені толтыру болып табылады. Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді толық ұсыну уәкілетті органға жолдау күннің шындығына сәйкес келген жағдайда, анық болып саналады. Грамматикалық қателер үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтерді анық емес деп тану үшін негіздеме болып саналмайды.

    Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтердің келіп түскен кезден бастап қарай 10 (он) жұмыс күн ішінде Дерекқорды жаңартады. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы ұсынған мәліметтердің сәйкессіздігі анықталған сәттен бастап уәкілетті орган оларды дереу пысықтауға жібереді. Үкіметтік емес ұйымдар уәкілетті органмен пысықтауға жіберілген өз мәліметтерін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде пысықтайды және ҮЕҰ Дерекқорына қайта жібереді.

     Дерекқорға ұсынатын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын 10 сәуірге дейін аумақтық әділет органдарынан және мемлекеттік кірістер органдарынан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен үкіметтік емес ұйымдар туралы (тіркеу/қайта тіркеу күні, мекенжайы, құрылтайшылары, басшылары және олардың байланыс деректері, соңғы есепті мерзімге салықтық есеп беру күні) қорытынды мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады.


1-қосымша
Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі жөніндегі мәліметтер 2024жылғы есепті кезең

     

     «Үкіметтік емес ұйымдардың қызметтері туралы мәліметтер» нысанының 1-кестесіндегі «Үкіметтік емес ұйымдар туралы жалпы деректер» бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) 1-тармақта ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      2) 2-тармақта «Мәлімет ұсынатын есепті кезең және жыл» мәліметті ұсыну жылы көрсетіледі;

      3) 3-тармақта «Үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастыру-құқықтық нысаны» көрсетіледі;

      4) 4-тармақта құрылтайшылар құжаттарына сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың толық атауы көрсетіледі;

      5) 5-тармақта «Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты» көрсетіледі;

      6) 6-тармақта «ҮЕҰ заңды мекенжайы (елді мекен, мекенжай)» көрсетіледі;

      7) 7-тармақта «Мемлекеттік тіркеу күні» көрсетіледі.

      8) 8-тармақта «Мемлекеттік қайтадан тіркеу күні көрсетіледі.

     «Үкіметтік емес ұйымның байланыс деректері» II бөлімі мынадай мәліметтерімен көрсетіледі:

      1) 9-тармақта «Электрондық пошта» көрсетіледі;

      2) 10-тармақта «Телефон нөмірі» көрсетіледі;

     «Қызметкерлер мен еріктілер туралы мәліметтер» III бөлімі мынадай мәліметтерімен көрсетіледі:

      1) 11-тармақта «Штаттық қызметкерлердің саны» көрсетіледі;

      2) 12-тармақта «Қазақстан Республикасы азаматтар қызметкерлерінің саны» көрсетіледі;

      3) 13-тармақта «Шетелдік қызметкерлер саны» көрсетіледі;

      4) 14-тармақта «Еріктілер саны».

     «Қызметтің саласы» IV бөлімі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 15-тармақта «Үкіметтік емес ұйымның қызмет саласы (Х керек ұяшықты көрсетіңіз)» көрсетілген тізімнің ішінде үкіметтік емес ұйымның қызмет саласы көрсетіледі;

     «ҮЕҰ есепті кезеңдегі кірістер туралы (сомасы, теңге)» V бөлімі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 16-тармақта «Депозиттер бойынша сыйақы» көрсетіледі;

      2) 17-тармақта «Гранттар» көрсетіледі;

      3) 18-тармақта «Мүшелік жарналар» көрсетіледі;

      4) 19-тармақта «Қайырымдылық көмек» көрсетіледі;

      5) 20-тармақта «Демеушілік көмек» көрсетіледі;

      6) 21-тармақта «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, оның ішінде стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асыруда шарт бойынша алынған кіріс» көрсетіледі;

      7) 22-тармақта Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де кірістер көрсетіледі;

      8) 23-тармақта «Барлық кірістер» көрсетіледі.

    «Есепті кезеңде ҮЕҰ-дың шығыстары (сомасы, теңге)» VI бөлімі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 24-тармақта «Коммерциялық емес ұйымдарды ұстау» көрсетіледі;

      2) 25-тармақта «Іс шараларды ұйымдастыру мен өткізу» көрсетіледі;

      3) 26-тармақта «Сыйақы» көрсетіледі;

      4) 27-тармақта «Қайырымдылық көмек» көрсетіледі;

      5) 29-тармақта «Өзге шығыстар» барлық шығыстар сомасы көрсетіледі;

      6) 30-тармақта «Барлық шығыстар» барлық шығыстар сомасы көрсетіледі.

     «Бюджет» VII бөлімін филиалдар немесе халықаралық және шетелдік ұйымдардың өкілдіктері мынадай түрде көрсетіледі (сомасы теңгемен көрсетіледі):

  1. 31-тармақта «Қазақстан Республикасында жобаларды/бағдарламаларды қаржыландыру бюджеті» (егер жобаны және/немесе бағдарлама филиал немесе өкілдік Қазақстан Республикасының аумағында қаржыландырса) көрсетіледі.

Кесте 1

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтер*

I бөлім. Үкіметтік емес ұйымдар туралы жалпы деректер*

1

БСН:

(12 цифр)

2

Мәліметтер берілетін есепті кезең:

жыл

3

ҮЕҰ ұйымдық-құқықтық нысаны (тиісті ұяшықты Х көрсетіңіз)

жеке мекеме:
волонтерлік ұйымы
қайырымдылық ұйымы
басқа

жеке қор:
волонтерлік ұйымы
қайырымдылық ұйымы
басқа

қоғамдық бірлестік

корпоративтік қор:

коммерциялық емес акционерлік қоғам («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңның 41-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды қоспағанда)

қоғамдық қор:
волонтерлік ұйымы
қайырымдылық ұйымы
басқа

Шетелдік және халықарарлық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (оқшауланған бөлімшелер)

Қауымдастық (одақ) нысанындағы ЗТБ

4

ҮЕҰ атауы:

5

Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):

6

ҮЕҰ заңды мекенжайы (елді мекен, мекенжай)

7

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелген күні:

8

Заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелген күні:

ІІ бөлім. Үкіметтік емес ұйымның байланыс деректері

9

Электрондық пошта

10

Телефон нөмірі (аймақ коды)

ІІІ бөлім. Қызметкерлер мен волонтерлер туралы мәліметтер

11

Штаттық қызметкерлердің жалпы саны

12

Қазақстан Республикасының азаматтары қызметкерлерінің саны

13

Шетелдік жұмыскерлер саны

14

Волонтерлер саны
18 жастан 29 жасқа дейін
30 жастан 62 жасқа дейін
63 жастан бастап және одан жоғары жастағы
Бағыты:
волонтерлік қызмет медицинада
экологиялық волонтерлік қызмет
әлеуметтік волонтерлік қызмет
медиа волонтерлік қызмет
төтенше жағдайлардың зардаптарын жою
адамдарды іздеу
басқа

IV бөлім. Қызметтің саласы

15

Үкіметтік емес ұйымның қызмет саласы (керек торды)  Х санын көрсетіңіз):

білім және ғылым

ақпарат

дене шынықтыру және спорт

азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау

қоршаған ортаны қорғау

жастар саясаты мен балалар мүддесін қолдау

отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу

халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолдау

жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек

халықты еңбекпен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу

азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау

мәдениет пен өнерді дамыту

тарихи-мәдени мұраны қорғау

қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту

есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу

мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу

азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу

волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау

өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету

жануарларға жауапкершілікпен қарауды, оның ішінде жануарларға арналған баспаналарды қолдауды қалыптастыру

Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар (көрсету)____________________________________

V бөлім. ҮЕҰ-ның есепті кезеңдегі кірістері (сомасы, теңге)

16

Депозиттер бойынша сыйақылар

17

Гранттар

18

Кіру жарналары

19

Мүшелік жарналар

20

Қайырымдылық көмек

21

Демеушілік көмек

22

Өтеусіз негізде алынған ақша және басқа мүлік

23

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға, оның ішінде стратегиялық әріптестік шеңберінде жүзеге асыруға арналған шарт бойынша алынған кіріс

24

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де кірістер

25

Барлық кірістер

VI бөлім. ҮЕҰ-ның есепті кезеңдегі шығыстары (сомасы, теңге)

26

Коммерциялық емес ұйымды ұстау

27

Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

28

Ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру

29

Сыйақы

30

Қайырымдылық көмек

31

Демеушілік көмек

32

Кіру жарналары

33

Мүшелік жарналар

34

Өтеусіз негізде берілген ақша және басқа мүлік

35

Өзге шығыстар

36

Барлық шығыстар

VII бөлім. Бюджет (сомасы, теңге) (шетелдік және халықаралық ұйымдар немесе филиалдармен толтырады)

37

Қазақстан Республикасында жобаларды/ бағдарламаларды қаржыландыру бюджеті (егер жобаны және/ немесе бағдарламаны филиал немесе өкілдік Қазақстан Республикасының аумағында қаржыландырса)

есепті кезеңде

      Ескертпе:

      *деректер болмаған жағдайда «жоқ» деп белгілеңіз немесе сызықша қойыңыз.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйым

      ЗТБ – заңды тұлғалар бірлестігі

«Үкіметтік емес ұйымдардың филиалы(-дары) және өкілдігі (-тері)» нысанның 2-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

      2) 2-бағанда «Атауы» көрсетіледі;

      3) 3-бағанда «БСН» көрсетіледі;

      4) 4-бағанда «Орналасқан жері» көрсетіледі;

      5) 5-бағанда «Басшының АТӘ (болған жағдайда)» көрсетіледі;

      6) 6-бағанда «Тіркелген күні» көрсетіледі

   Кесте 2

Филиал (-дары) және (немесе) үкіметтік емес ұйымның өкілдігі (өкілдіктері)*

№

Атауы

БСН

Орналасқан жері

Басшының аты-жөні (бар болса)

Тіркелген күні

1

2

3

4

5

6

1

      Ескертпе:

      *деректер болмаған жағдайда «жоқ» деп белгілеңіз немесе сызықша қойыңыз.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты

«Үкіметтік емес ұйымдардың, филиалдардың және шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар өкілеттіктерінің (оқшауланған бөлімшелерінің) есепті кезеңде іске асырған және ағымдағы жылы іске асыратын жобалары» нысанның 3-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

      2) 2-бағанда «Жобаның/бағдарламаның атауы» көрсетіледі;

      3) 3-бағанда «Донор ұйымының тапсырыс берушінің жобаның/ бағдарламаның БСН салық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін)» көрсетіледі;

      4) 4-бағанда «Донор ұйымының, тапсырыс берушінің атауы» көрсетіледі;

      5) 5-бағанда «Қаржыландыру көзі (мемлекеттік, шетелдік, коммерциялық, коммерциялық емес шетелдік, коммерциялық қазақстандық, коммерциялық емес қазақстандық, өзін-өзі қаржыландыру)» көрсетіледі;

      6) 6-бағанда «Жобаның саласы (1 кестенің 15 тармағын таңдаңыз)» көрсетіледі;

      7) 7-бағанда «Жоба/бағдарлама мақсаты» көрсетіледі;

      8) 8-бағанда «Жобаны іске асырған өңір (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана)» көрсетіледі;

      9) 9-бағанда «Жалпы қаржыландыру жобасы (теңге)» көрсетіледі;

      10) 10-бағанда «Есепті кезеңде алынған жобаға қаржыландыру (теңге)» көрсетіледі;

      11) 11-бағанда «Жобаны орындау туралы қысқаша ақпарат» көрсетіледі.

    

Кесте 3

Үкіметтік емес ұйымдардың, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің (оқшауланған бөлімшелерінің) есепті кезеңде іске асырылған жобалары*

№

Жобаның/ бағдарламаның атауы

Донорлық ұйымның, жобаға/бағдарламаға тапсырыс берушінің БСН немесе салықтық тіркеу нөмірінің баламасы
(шетелдік заңды тұлға үшін)

Донорлық ұйымның, тапсырыс берушінің атауы

Қаржыландыру көзі (мемлекеттік, шетелдік, коммерциялық емес, шетелдік коммерциялық емес, қазақстандық коммерциялық емес, қазақстандық коммерциялық емес, өзін-өзі қаржыландыру)

Жоба саласы (1 кестенің 15 тармағынан таңдасаңыз)

Жобаның/бағдарламаның мақсаттары

Іске асырылған/іске асырылатын жобаның өңірі немесе өңірлері (ауыл, кент, аудан, қала, облыс және республикалық маңызы бар қалалар, астана)

Жобаны жалпы қаржыландыру (теңгемен)

Есепті кезеңде алынған жобаны қаржыландыру (теңгемен)

Жобаны орындау нәтижелері туралы қысқаша ақпарат

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

      Ескертпе:

      *деректер болмаған жағдайда «жоқ» деп белгілеңіз немесе сызықша қойыңыз.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

«Филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің (оқшауланған бөлімшелерінің есепті мерзімде іске асырылған және ағымдағы жылы іске асырылатын жобалары» нысанның 4-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

      2) 2-бағанда «Филиалдар және (немесе) (өкілдіктер) атауы» көрсетіледі;

      3) 3-бағанда «Жобаның/бағдарламаның атауы» көрсетіледі;

      4) 4-бағанда «Донор ұйымының тапсырыс берушінің жобаның/ бағдарламаның БСН салық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін)» көрсетіледі;

      5) 5-бағанда «Донор ұйымының, тапсырыс берушінің атауы» көрсетіледі;

      6) 6-бағанда «Қаржыландыру көзі (мемлекеттік, шетелдік, коммерциялық, коммерциялық емес шетелдік, коммерциялық қазақстандық, коммерциялық емес қазақстандық, өзін-өзі қаржыландыру)» көрсетіледі;

      7) 7-бағанда «Жобаның саласы (1-кестедегі 15 тармақта қызметтер саласы бөлімін таңдаңыз)» көрсетіледі;

      8) 8-бағанда «Жобаны іске асырған өңір (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана)» көрсетіледі;

      9) 9-бағанда «Жалпы қаржыландыруы жобасы (теңге)» көрсетіледі;

      10) 10-бағанда «Есепті кезеңде жобаға алынған қаржыландыру (теңге)» көрсетіледі;

      11) 11-бағанда «Жобаны орындау туралы қысқаша ақпарат» көрсетіледі.

     

Кесте 4

Үкіметтік емес ұйымдар филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің (оқшауланған бөлімшелерінің) есепті кезеңде іске асырылған жобалары*

№

Филиалдың және (немесе) (өкілдіктің) атауы

Жобаның/бағдарламаның атауы

Донорлық ұйымның, жобаға/бағдарламаға тапсырыс берушінің БСН немесе салықтық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін)

Донорлық ұйымның, тапсырыс берушінің атауы

Қаржыландыру көзі (мемлекеттік, шетелдік коммерциялық, шетелдік коммерциялық емес, қазақстандық коммерциялық, қазақстандық коммерциялық емес, өзін-өзі қаржыландыру)

Жоба аясы («Қызмет бағыттары» бөлімінен 1-кестенің 15-тармағын таңдаңыз)

Өңір немесе іске асырылған/іске асырылатын жобаның өңірлері
(ауыл, кент, аудан, қала, облыс және республикалық маңызы бар қалалар, астана)

Жобаны жалпы қаржыландыру (теңгемен)

Есепті кезеңде алынған жобаны қаржыландыру
(теңгемен)

Жобаны орындау нәтижелері туралы қысқаша ақпарат

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

      Ескертпе:

      *деректер болмаған жағдайда «жоқ» деп белгілеңіз немесе сызықша қойыңыз.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Үкіметтік емес ұйымдарды құрған «Құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтер» нысанның 5-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

    1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

    2-бағанда «Ұйым атауы немесе АТӘ (болған жағдайда)» көрсетіледі;

    3-бағанда «ЖСН/БСН салық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін)» көрсетіледі.

Кесте 5

Үкіметтік емес ұйымдардың құрылтайшылары * (қатысушылары) туралы мәліметтер **

№

Ұйымның атауы немесе ТАӘ
(болған жағдайда)

БСН / ЖСН, салықтық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін)

1

2

3

1

Ескертпе:

      *қоғамдық бірлестіктер оны құруға қатысқан кем дегенде 10 бастамашы азаматтардың және /немесе қоғамдық бірлестіктердің мәліметтерін көрсетеді

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі

«Қайырымдылық немесе демеушілік көмек алған немесе берген ұйым/орган, мемлекеттер» нысанның 6-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:

      1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;

      2) 2-бағанда «Атауы» көрсетіледі;

      3) 3-бағанда «Көмекті алған Ұйымның атауы (БСН (немесе шетелдік ұйымдар, органдар үшін балама))» көрсетіледі;

      4) 4-бағанда «Алынған қаражат» көрсетіледі;

      5) 5-бағанда «Қаражатты қолдану мақсаты» көрсетіледі;

      6) 6-бағанда «Көмек берген Ұйымның атауы (БСН (немесе шетелдік ұйымдар, органдар үшін балама))» көрсетіледі;

      7) 7-бағанда «Жіберілген қаражат» көрсетіледі;

      8) 8-бағанда «Қаражатты қолдану мақсаты» көрсетіледі.

      Кесте 6

Қайырымдылық немесе демеушілік көмек алынған немесе берілген мемлекеттер болып табылатын ұйымдар/органдар

№

Атауы

Көмек алған ұйымның атауы (БСН (немесе шетелдік ұйымдар, органдар үшін баламасы))

Алынған сома

Қаражатты пайдалану мақсаты

Көмекті берген ұйымның атауы (БСН (немесе шетелдік ұйымдар, органдар үшін баламасы))

Берілген сома

Қаражатты пайдалану мақсаты

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Қайырымдылық көмек

2

Демеушілік көмек

3

Өзге де кірістер

      Ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын растаймын:

      Басшы ___________________________________________________
                                          тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы

      Орындаушы ____________________________________________________
                                                тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы

      Ескертпе:

      *деректер болмаған жағдайда «жоқ» деп белгілеңіз немесе сызықша қойыңыз.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйым

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Тегтер: БАЗА ҰСЫНУҮЕҰ
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Таразда 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді  

Таразда 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді  

23.05.2025
Өңірлік колледждерде инвестициялық жобаларға сапалы кадрлар дайындалмақ

Өңірлік колледждерде инвестициялық жобаларға сапалы кадрлар дайындалмақ

23.05.2025
Елімізде ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар

Елімізде ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар

23.05.2025
Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады

Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады

23.05.2025
Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді

Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді

23.05.2025
Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

23.05.2025
«Әкем – тірегім, анам – жүрегім!»

«Әкем – тірегім, анам – жүрегім!»

23.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты