ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ:
Мысалы, Қордай ауданының әкімдігі мемлекеттік сараптаманың қорытындысынсыз мектептердің бірінің ғимаратын 756 млн теңгеге күрделі жөндеуді жоспарлаған.
Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша өңір бюджетінің шығыс бөлігінен 11 млрд теңгеге расталмаған шығындар алынып тасталды».
Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы:
«Облыстық бюджет комиссиясының жұмысшы органы ретінде облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан ұсынылған бюджеттік өтінімдердің бюджеттік заңнама талаптарына сәйкестігін қарастырады, олар бойынша қорытынды әзірлеп, комиссия қарауына енгізеді. Бұл ретте, толық ұсынылмаған, яғни, есептемелері және негіздейтін құжаттары жоқ шығындар облыстық бюджеттік комиссия қарауына енгізілмейді.
Өз кезегінде, Жамбыл облысы прокуратурасы тарапынан 2023 жылдың қараша айында жүргізілген тексеру бюджеттік өтінімдер бойынша қорытынды әзірлеу кезеңін қамтиды. Яғни бұл кезеңде шығындар бойынша қорытындылар облыстық бюджеттік комиссия қарауына әлі ұсынылмаған болатын.
«2024 – 2026 жылдарға арналған облыстық бюджет» 2023 жылдың 14 желтоқсанындағы №10-3 облыстық мәслихат шешімімен бекітіліп, облыстық бюджетте заңнамаға сәйкес негізделген шығыстар жоспарланған.
Оның ішінде, «Қордай ауданы Қызылсай ауылының №10 О.Жандосова орта мектептің ғимататының күрделі жөндеу» жобасынасараптама қорытындысына сәйкес бюджеттен – 746 317,0 мың теңге жоспарланды. (сараптама қорытындысы — 30.05.2023 жылғы №EXPKZ-0050/23)» деп жауап хабарлама берді.
Бірыңғай ұйымдастырушы ретінде Жамбыл облысы әкімдігі мемлекеттік сатып алу басқармасы болып табылады. Кімдерге қатысты әкімшілік жауаптылық туралы ақпарат күтетін боламыз.