• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 13:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Кармине Барбароның «Махаббат алмасы» атты мерейтойлық жеке көрмесі ашылды

turan_admin turan_admin
08.11.2018, 16:53
Қазақстан жаңалықтары
Кармине Барбароның «Махаббат алмасы» атты мерейтойлық жеке көрмесі ашылды
188
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2018 жылдың 7 қараша күні «Италия» білім орталығы және «Данте Алигьери» комитетімен бірлесіп итальяндық суретші Кармине Барбароның «Махаббат алмасы» атты мерейтойлық жеке көрмесі ашылды.

Көрмені алғашқы болып музей директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары Ғалия Теміртон құттықтау сөзбен ашты. Одан кейін Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенті Жақсылық Гүлзина «Қазағым» әнімен ән-шашуын орындады. Одан соң ҚР Суретшілер Одағының көрмелер шығармашылығының хатшысы Маркович Юрии Эдуардович көрменің ашылуымен құттықтады. Содан соң көрменің авторы Кармине Барбаро мен жұбайы Шарбат Барбаро келген қонақтарға алғысын білдірді.

Кармине Барбаро – Алматы қаласы мен біздің елімізге деген махаббатына өз өмірін, шығармашылығы мен ағартушылық қызметін арнаған Қазақстан Республикасына танымал суретші.  

Көрменің «Махаббат алмасы» деп аталуы кездейсоқ емес, себебі Кармине символы алма болып табылатын Алматыда жиырма жылдан астам тұрып келеді. Мұнда ол Қазақстанды, оның адамдарын, жазық даласын, аса бай және көркем табиғатын жан-тәнімен сүйді; өз үйін тапты; итальян тілін үйрететін мектептің негізін қалады. Өзінің өмірге, адамдарға деген махаббатын ол шығармашылығы арқылы жеткізеді.  

Кармине Барбаро өз идеялары мен ойларын түрлі жанрларда жеткізуге тырысатын жан-жақты адам. Ол станоктық және монументалды кескіндеме, графика, мүсін салаларында жұмыс істейді, сонымен қатар портреттер, натюрморттар және суреттер салады.

Екі әлем мен мәдениетте қатар өмір сүретін суретшілер аз емес, бірақ Жерорта теңізінің жұмсақ климатын қатаң құрлыққа ауыстыру – көпшіліктің таңданысын туғызатын ауыр таңдау.  Сөйте тұра, ол өзі үшін мүлде жаңа әлем – қазақ мәдениетінің әлеміне шынайы қызығушылық танытып, оны түсініп қана қоймай, сезінуге құлшынады.

Оның өмірді тануға деген ынтызарлығы ауылдарға сапар шегуге, өзінің болашақ кейіпкерлерінің – қарттардың, әйелдердің жүздеріне терең үңілуге, табиғат ырғағына құлақ асуға итермеледі. Мәселен, «Үш әже» суреті кешкі ас – Ифтар (мұсылмандардың Рамазан айындағы «Ауызашар» рәсімін жасау үшін дастарқан басындағы кеш) үстінде салынған. Суретте үш адам бейнеленген. Кармине пластиканы, қозғалысты тосын жеткізген, түстердің ауысуын нәзік сезіне отырып, композицияға үйлесімді ырғақ бере білген. Осы шығарманың мысалында суретшінің гармонияны жақсы сезетіндігін дәстүрлі, ұлттық көркем өнер элементтерін әлемге қазіргі заманғы көзқараспен ұштастыра алғандығын көреміз. Кармине Барбаро бізге жаңа көзқарасымен, ерекше тағдырымен, итальяндық роматизм мен қазақы менталитетті сабақтастыра білгендігімен қызықты. Шебер бізге бұрыннан таныс және үйреншікті тақырыптар мен сюжеттерді жаңаша жеткізе алған.

  Оның шығармашылығының негізгі қыры – өнердегі адамшылыққа ұмтылыс. Кармине Барбаро – ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, генуэздік суретшілер бірлестігінің мүшесі, профессор, Алматыдағы «Италия» Білім Орталығының директоры, «Данте Алигьери» комитетінің төрағасы, «Италия жұлдыздарының» еңбегі сіңген кавалері.

Көрмеге суретшінің әр кезеңде салынған 80-нен астам кескіндемелік шығармалары қойылған.     

        Көрме 2018 жылдың 20 қарашасына дейін жалғасады.

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50
Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33
Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30
Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.