• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІ

28.01.2021
0
КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІ
831
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қандай адам болмасын оның тұлға болып қалыптасуына әлеуметтік қатынас қажет. Дінді әлеуметтік құбылыс десек, оның қоғамнан тыс өзіндік тарихы жоқ. Қазіргі таңда әлемде көптеген діни топтар мен діни ұйымдар бар. Соның ішінде дүние жүзіне кең таралған, көп елде өздерінің филиалдары тіркелген «Ехоба куәгерлері» діни ұйымы. Интернет желісінен олар жайлы көптеген мәліметтер табуға болады. Ұйымның қысқаша тарихы және қалай жер жүзіне таралғаны туралы интернет арқылы таныстым.
«Ехоба куәгерлері» діни ұйымының тарихы 19 ғасырдың 70 жылдарында АҚШ- тың Питсбург қаласынан бастау алады. Бұның бастамашысы білімді және ауқатты Чарльз Теиз Рассель болатын. Рассель Құдайды және Иса туралы ақиқатты іздейді, соның нәтижесінде «Исследование Писаний» деген еңбегі дүниеге келеді. Осы арқылы 1881 жылы Сиондық Күзет Мұнарасы Қоғамы және трактаты құрылады. Сол жылдары үй үйді аралап әдебиеттерді тарату жұмысы мен белсенді айналысқан 50-дей адамдар болды. 1931 жылдан бастап оларды «Ехоба куәгерлері» деп атай бастайды. Ұйымның қысқаша тарихы осылай.
Ехоба куәгерлерінің дәйектемелері “Інжіл” кітабы негізінде түзеді. Әлемде Ехоба куәгерлерінің саны 6-миллионнан асқан. Интернеттен оқи келе Ехоба куәгерлерінің әлеуметтік құрамы әртүрлі болатынын және олардың бәрі өз қаражатынан ерікті түрде садақа бергенін білдім.

Ехоба куәгерлерінің басқа христиандардан айырмашылығы неде?

Ехоба куәгерлерінің басқа діни ұйымдардан негізгі айырмашылықтары:

  • Қазақстанда діни ұйым секта болып саналмайды, оның барлық рұқсат құжаттары бар;
  • Ехоба куәгерлері өздерін христианбыз деп санаса да, алайда олар кресттерге, реликтерге, иконаларға және христиандық сенімнің басқа атрибуттарына табынбайды.
  • Оларда ғибадатханалар, монастырлар, часовнялар мен кәсіби дінбасылар да жоқ;
  • Ехобаға қызмет етуге деген ықыластары анықталғаннан кейін ғана: ересек жаста ғана шоқынады. Ехоба куәгері бізге үйреншікті мерекелерді тойламайды, олар сіз кез-келген күні өмірден ләззат алып, бір-біріңізге сыйлық сыйлай аласыз деп сенеді;
  • Ехоба куәгерлерінің жылына бір ресми мерекесі бар — “Иисус Христосты” еске алу кеші (оны айқышқа шегелеу қарсаңында);
  • Куәгерлер өздері өмір сүретін мемлекеттің мемлекеттік рәміздері мен заңдарын құрметтейді. Мысалы, куәлар арасындағы неке АХАЖ органдарымен берілген неке туралы куәліксіз жарамды деп саналмайды;
  • Ехоба куәгерлері — пацивистер, ресми пацифистік қозғалысқа жатпайды.
  • Ехоба Куәгерлері әскери қызметтің кез-келген түрінен саналы түрде бас тартады. Олар қарулы күштер мен ұрыс қимылдарын, тіпті жанама түрде, әскери емес қызметті орындау арқылы қолдай да алмаймыз деп санайды. Бірақ олар азаматтық қоғамға пайда әкелетін альтернативті азаматтық қызметтерге келіседі (ауруханалар, қоғамдық жұмыстар, хоспистер);
  • Ехоба куәгерлері көше-көшемен, үй-үйге аралауды өте маңызды әдет деп есептейді;
  • Куәгерлерде ұлтшылдыққа бөліну жоқ;
  • Барлық куәгерлер бір-біріне «аға» және «әпке» деп жүгінеді, жасқа қарамай сен деп немесе атын атай бермейді;
  • Ехоба куәгерлері денсаулықтарына көп көңіл бөледі, олар жеке гигиенаға, дұрыс тамақтану мен спортқа үлкен мән береді.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІ

Қазақстанда Ехоба куәгерлерінің тарихы 1892 жылдан бастау алады, ол кезде “Інжіл” киелі кітабын зерттеуші Симеон Козлицкий Бұқтырма кентіне жер аударылған болатын. Жергілікті деңгейдегі қоғамдастықтар 1992 жылы тіркеле бастады (біріншісі — Жамбыл облысы Шу қаласындағы қауымдастық), ал кейінірек — басқалары. 1997 жылы Республикалық орталық ресми мәртебеге ие болды — Әділет министрлігі Қазақстан Республикасындағы Иегова куәгерлерінің діни орталығын тіркеді.

2012 жылы барлық 14 облыстағы және екі республикалық маңызы бар қаладағы қауымдастықтар қайта тіркеуден сәтті өтті. Басынан бастап олар жиналыстарды қазақ тілінде өткізе бастады, ал 2014 жылы қазақ тілінде бірінші республикалық конгресс өтті.

«Біз адамдарға қатігездік көрсетуден бас тартамыз»

Өзіміздің зерттеудегі тілдесуімізді жергілікті жердегі алғаш алғаш діни орталық Шудан бастау алдық. Орталық жетекшісінің айтуынша орыс тілінде 90, қазақ тілінде 40 “прихожандар” келеді. «Кездесулерімізге аптасына бір рет келіп тұрады. Бірақ қазір карантин болғандықтан бізде бәрі онлайн. Көршілерімізбен жақсымыз. Басқа діни ұйымдармен жақсы қарым қатынастамыз»,- деп сөзін тәмамдады ол.


Келесі жол тартқан мекен Қордай ауданы болды. Қордай ауданы діни ұйымның мекемесі басшысы кездесуден бар тартып, карантиндік шараларды қатаң ұстап жүргендігі туралы хабардар етті.

Біз журналисттік зерттеу барысында ғаламторда көптеген адамдар арқылы Ехоба куәгерлерін тауып, сұқбаттасуға шақырғанбыз. Бірақ сұрақтарды естіп алып жауап бермей қойғандар өте көп болды. Солай бола тұра, Тараз қаласының тұрғындары, ехоба куәгерлері діни ұйымының ұл мен қызы жауап беруге келісті.

Діни ұйымның мүшесінің айтуынша Ехоба куәгерлері уағыздарын айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өздерінің діни кітаптарын үйлерге таратып кететін болған.

Ең алдымен Ехоба куәгері ретінде ақиқатты анам қабылдады, ал мен 11 жасымнан Ехоба куәгері болып келемін. Қазіргі уақытта дәрістеріміздің барлығы онлайн өтеді. Адамдарға қай тілде ыңғайлы сол тілде дәрістер беріледі. Өзім өндіріс орнында жұмыс жасаймын. Өз уақытымды бөліп үйді аралап, өзімнің құрбыларыма, жұмыстағы әріптестеріме уағыз айта аламын. Бізде барлығы өз қалауымызша жүреді, ешқандай мәжбүрлеу болмайды,- дейді ол.

Тағы да бір мүшесімен сөйлескенімізде ол жігіт бала кезінен діни ұйымда екенін айтты. Ол ұйым туралы ата анасымен патшалық сарайға бірлесе барып жүргеннен біліпті. Жігітке ұнағандықтан кіргендігін айтты.

Ехоба куәгерлерінің ішінде болуымның себебі, адамдардың ара-қатынасы, киелі кітапта жазылған сөздер, оқып жатқан ақпараттарым ұнады. Аптасына 2 рет бас қосып, киелі кітапты оқып, білім аламыз. Біздер бауырларымызбен әскерге барудан бас тартамыз, менде бармаймын дедім. Ол жақта қару қолданылады, ал біз адамдарға қатігездік көрсетуден бас тартамыз. Айтылып жүрген табысының белгілі бір мөлшерін береді екен делінген ақпараттар тарап жатыр, бірақ ол жалған ақпарат. Ақшаны куәгерлер өздері қаласа садақа ретінде бере алады. Мен өзім сайлауларға қатыспаймын, бейтарап күйімде қаламын. Ал болашақта балаларым Ехоба куәгері болмаймын десе оны өзі біледі, өздері шешеді» — деді Тараз қаласының тумасы.

Мемлекеттік тіркеуден өткен ұйымға қатысты 2017 жылдан бері Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасына «Ехоба куәгерлері» діни ұйымына қатысты тұрғындардан 15 арыз келіп түскен (2017 жылы -4, 2018 жылы -4, 2019 жылы -2, 2020 жылы -5). Бірақ арыз шағымдар қандай бағытта түскені туралы жауапты басқарма жауап берген жоқ.

Сонымен қатар мақала халықаралық INTERNEWS коммерциялық емес ұйымымен жүзеге асып, Еуропалық Одақпен қаржыландырылатынын еске сала кеткен жөн.

Бүгінгі таңда, Жамбыл облысы көлемінде Әділет органдарында ресми тіркеуден өткен «Ехоба Куәгерлерінің» 9 діни бірлестігі өз қызметтерін жүзеге асыруда. Өз кезегінде, басқарма аталған діни бірлестіктердің Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнама талаптарын сақтауын бақылауда ұстап, тұрақты түрде зерделейді екен. Мемлекеттік тіркеуден өткен «Ехоба Куәгерлерінің» 9 діни бірлестігінің құрылтай құжаттары және қызметтері Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейді.

Бұл басылым Еуропалық Одақ қаржылай қолдауымен әзірленген. Басылымның мазмұны ақпарат агенттіктін жауапкершілігіне жатады және Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Бектенов моноқалаларды дамыту бойынша республикалық кеңес өткізді

Бектенов моноқалаларды дамыту бойынша республикалық кеңес өткізді

18.06.2025
Қайтарылған активтер қайда жұмсалуда

Қайтарылған активтер қайда жұмсалуда

18.06.2025
Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне не себеп? Министр жауап берді

Мұнай бағасы күрт қымбаттады

18.06.2025
Таразда иесіз деп танылған пәтерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

Ең қымбат пәтерлер қай қалаларда?

18.06.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді шығарып салды

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді шығарып салды

18.06.2025
Ердос Акимов: “Спорт деген – тәрбие”

Ердос Акимов: “Спорт деген – тәрбие”

18.06.2025
Қазақстанда дене шынықтыру және спорт туралы жаңа заң күшіне енді

Қазақстанда дене шынықтыру және спорт туралы жаңа заң күшіне енді

17.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты