Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың туыстары тарапынан өзін жауыз етіп көрсету мақсатында PR-кампания құрылғаны туралы айтты.
«Көзі шықты, басы жарылды» деген айыптаулардың жалған екенін жеткізгім келеді. Өйткені барлығыңыз прокурордың Салтанаттың өлімі туралы мәліметтерді оқығанын естідіңіздер», — деді Қуандық Бишімбаев.
Сондай-ақ, сотталушы Қуандық Бишімбаев марқұм әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады.
«Шындығында, маған бірдеңе деу өте қиын. Біріншіден, түсініп, ешқандай кешірімге үміттенбестен, бұл менің адамдық парызым… Мұнда жәбірленушілер, оның туыстары, оны жақсы көргендердің барлығы, оның ата-анасы отыр. Шынымды айтсам, оның өлімі ауыр тиді. Мен кешірім сұрағым келеді. Мен кешірім күтпеймін. Бірақ бұл менің ішкі парызым, жанымның қалауы. Мен бұл орны толмас қайғы екенін түсінемін және осы жағдайларға өзімнің қатысым бар екенін білемін. Бұл бірінші. Екіншіден, өзімнің кінәсіз екенімді және өз кінәмді мойындамайтынымды айта отырып, әйелім Салтанатты қасақана, саналы түрде, жоспарлы түрде аса қатыгездікпен өлтіруге кінәлі емес екенімді түсіндіргім келеді», — деді Бишімбаев.
Осы сәтте Салтанаттың анасы өзін ұстай алмай, ашуланып кетті.
https://www.youtube.com/live/J4KUjDqxA74?si=58Bmr28TRLVkuUoR